---
title: "Жеңіл өнеркәсіптің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (Бұдан әрі - Депар..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-08-12T05:24:50+00:00"
modified: "2016-08-12T05:24:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhe-il-nerk-sipti-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706799"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhe-il-nerk-sipti-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706799/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеңіл өнеркәсіптің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (Бұдан әрі - Депар...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (*Бұдан әрі - Департамент*) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және 2016 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген ҚР заңдарын насихаттау мақсатында «Қағаз зауыты» ЖШС-нің (*Бұдан әрі – Қағаз зауыты*) басшылығы және қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заңдарының негізгі бағыттарын айтып өтті.

Қағаз зауытының қаржы директоры Жанар Қанатова сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру және кәсіп саласындағы әкімшілік тосқауылдарды жою бағытында кәсіпорынмен атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар етті.

![Жеңіл өнеркәсіптің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/100MSryJImTKbF7zL8YGd35Uyi6Rre.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhe-il-nerk-sipti-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706799](https://yvision.kz/kk/post/zhe-il-nerk-sipti-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706799)