---
title: "ЖБДО-нда ерлік сабағы"
description: "Сеңбі күні қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары ЖБДО-нда жас ұрпаққа маңызды тақырыптардың бірі..."
author: "CRMI"
published: "2015-11-30T00:59:59+00:00"
modified: "2015-11-30T00:59:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhbdo-nda-erlik-saba-y-664533"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhbdo-nda-erlik-saba-y-664533/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЖБДО-нда ерлік сабағы

> Сеңбі күні қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары ЖБДО-нда жас ұрпаққа маңызды тақырыптардың бірі...

Сеңбі күні қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары ЖБДО-нда жас ұрпаққа маңызды тақырыптардың бірі нақты жауынгерлік оқиғалар кезіндегі ерлік пен батырлық, сонымен қатар бейбітшілік уақытындағы ерлік орнын талқылауға жиналды.

![ЖБДО-нда ерлік сабағы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/yTmntcSsIA9fNlcQPEbTFVi59ZfL32.jpg)

Ерлік сабағын ұйымдастыруының бастамашылары - «Десантное братство» ҚБ жауынгерлері. Шараға әртүрлі әскер түрлері, афган мен шешен жергілікті соғыстарының ардагерлері, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылары қатысты.

Соғыс, қаза, жауынгер жолдасын жоғалту жайлы жақсы білетін, өз бастарынан кешкен жауынгерлердің оқиғаларын балалар адал уайыммен тыңдады. Оқушылар сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Интернационал-жауынгерлердің орындауындағы әндерді мүлде тыңыштықта тыңдады.

![ЖБДО-нда ерлік сабағы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/5AMh1ytE9FFK92rR37E3TZu9QIMXSS.jpg)

Таңдаулы әскер бөлімшілердің бірі болып саналатын десантшылардың қөрсетпе орындауы қызығушылық тудырды. Оларға ең қиын және ең қауіпті тапсырыстарды жүктейді. Десантшылардың әнұраны : «Бізден басқа ешкім емес»!

Осындай кездесулер нағыз ерлік, отаншыл рухты көтереді, батырларға ұқсап, өз елін қорғауға әрдайым дайын болуға тәрбиелейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhbdo-nda-erlik-saba-y-664533](https://yvision.kz/kk/post/zhbdo-nda-erlik-saba-y-664533)