---
title: "Жазадан құтылу үшін тәртіп сақшысына тап берді"
description: "Алматы облысында тәртіп сақшысымен ерегіскен көлік жүргізуші әйел өзін \"полиция озбырлығының\" құрбаны етіп көрсеткісі келген. Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағына қатысты талаптарды бұзып тұрған Toyota..."
author: "orazali"
published: "2024-05-30T11:16:40+00:00"
modified: "2024-05-30T11:16:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhazadan-tylu-shin-t-rtip-sa-shysyna-tap-berdi-1005148"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhazadan-tylu-shin-t-rtip-sa-shysyna-tap-berdi-1005148/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жазадан құтылу үшін тәртіп сақшысына тап берді

> Алматы облысында тәртіп сақшысымен ерегіскен көлік жүргізуші әйел өзін "полиция озбырлығының" құрбаны етіп көрсеткісі келген. Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағына қатысты талаптарды бұзып тұрған Toyota...

*Алматы облысында тәртіп сақшысымен ерегіскен көлік жүргізуші әйел өзін "полиция озбырлығының" құрбаны етіп көрсеткісі келген.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/e01e449e1a6df82f6aec82ee1cfbda.jpg)

Талғар ауданында учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағына қатысты талаптарды бұзып тұрған Toyota Camry-ді байқайды. Иесін таппаған соң ол сол машинаның мемлекеттік нөмірін шешіп алған. Сосын басқа құқық бұзушыға хаттама толтырып жатқан кезде әлгі Toyota Camry-дің иесі келген. Жүргізуші әйел жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оған балағат сөздер айтыпты. "Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін қайтарып берді. Алайда автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін «полиция озбырлығының» құрбаны ретінде көрсетті. Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа, билік өкілін қорлағаны үшін жауапқа тартылады", - деп жазған [POLISIA.KZ](https://web.telegram.org/a/#-1001485667915). Осы жағдай бойынша жиналған іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhazadan-tylu-shin-t-rtip-sa-shysyna-tap-berdi-1005148](https://yvision.kz/kk/post/zhazadan-tylu-shin-t-rtip-sa-shysyna-tap-berdi-1005148)