---
title: "Жаза түсінігі және оның мақсаты. Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар"
description: "Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп ..."
author: "ceka"
published: "2013-07-12T04:46:30+00:00"
modified: "2013-07-12T04:46:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaza-t-sinigi-zh-ne-ony-ma-saty-zhauapkershilikti-auyrlatatyn-zh-ne-zhe-ildetetin-m-n-zhaylar-362759"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaza-t-sinigi-zh-ne-ony-ma-saty-zhauapkershilikti-auyrlatatyn-zh-ne-zhe-ildetetin-m-n-zhaylar-362759/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жаза түсінігі және оның мақсаты. Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар

> Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп ...

**Жаза** — бұл мемлекеттің жасалған [қылмысқа](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D1%8B%D1%81) деген [реакциясы](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F). Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. **Жаза** — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің [мәжбүрлеу](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D0%B6%D0%B1%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%83) шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:
- жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

- жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
- жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:
- а) *рудан қуып жіберу*;
- ә) *кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру*;
- б) *адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау*;
- в) *денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау*;
- г) *өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды*;
- ғ) *әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды*.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhaza-t-sinigi-zh-ne-ony-ma-saty-zhauapkershilikti-auyrlatatyn-zh-ne-zhe-ildetetin-m-n-zhaylar-362759](https://yvision.kz/kk/post/zhaza-t-sinigi-zh-ne-ony-ma-saty-zhauapkershilikti-auyrlatatyn-zh-ne-zhe-ildetetin-m-n-zhaylar-362759)