---
title: "Жазғы Универсиада чемпиондарына Қазақстан 3100 доллардан бермек"
description: "Қазақстан Қазанда өтетін жазғы Универсиадада оннан астам спорт түрі бойынша өнер көрсететін бола..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-21T22:37:59+00:00"
modified: "2013-05-21T22:37:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaz-y-universiada-chempiondaryna-aza-stan-3100-dollardan-bermek-353721"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhaz-y-universiada-chempiondaryna-aza-stan-3100-dollardan-bermek-353721/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жазғы Универсиада чемпиондарына Қазақстан 3100 доллардан бермек

> Қазақстан Қазанда өтетін жазғы Универсиадада оннан астам спорт түрі бойынша өнер көрсететін бола...

[!\[Жазғы Универсиада чемпиондарына Қазақстан 3100 доллардан бермек\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/4b4a01066a64e19bccf5112fe67e49d4-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/4b4a01066a64e19bccf5112fe67e49d4.jpg)

 

Қазақстан Қазанда өтетін жазғы Универсиадада оннан астам спорт түрі бойынша өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР Студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Жаснұр Ақеділовке сілтеме жасап.

«Қазанда өтетін Универсиада бағдарламасына 27 спорт түрі енген, Қазақстан соның жартысы бойынша өнер көрсетеді. Ауыр және жеңіл атлетика, оқ ату және семсерлесу сынды дәстүрлі спорт түрлерінен басқа, біздің спортшылар белбеу күрестен сынға түсетін болады», — делінген хабарламада.

Бұл жолы гольф пен садақ ату бағдарламаға енбей қалған. Есесіне бес жаңа спорт түрі: самбо, белбеу күрес, регби-7, синхронды жүзу және бокс кіріп отыр. Қатысушылар санына келетін болсақ, ол жағы әлі нақтыланып жатыр.

«Біз атлеттердің алдын ала тізімін құрған болатынбыз, — деді Жаснұр Ақеділов. – Бірақ оны әлі бекіту керек, әлі де түзетулер мен ауыстырулар болуы ғажап емес. Нақты тізім тек екі аптадан кейін белгілі болады».

Сонымен қатар Универсиада жеңімпаздарына берілетін жүлде көлемі де айқындалған. «Қазанда өтетін ойын жеңімпаздары 3100 доллар көлемінде сыйақы алатын болады. Біз бұл соманы әлі де өсіреміз бе деген ниеттеміз, әзірге ол мәселенің шешілетін-шешілмейтіні нақты емес», — деді ҚР Студенттік спорт федерациясының бас хатшысы.

Айтпақшы, таяуда ғана Ресей Универсиада чемпиондарына қанша көлемде сыйақы беретіні белгілі болды. «Алтын» үшін ойын иелері 168 мың рубль немесе 5420 АҚШ долларын тағайындап отырған көрінеді.

27-ші Жазғы Универсиада Татарстан астанасы Қазан қаласында 6 мен 17 шілде аралығында өтеді. Оның алдында Қытайда өткен ойында Қазақстан құрамасы жалпы есептік көрсеткіш бойынша 45-ші орынға тұрақтаған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhaz-y-universiada-chempiondaryna-aza-stan-3100-dollardan-bermek-353721](https://yvision.kz/kk/post/zhaz-y-universiada-chempiondaryna-aza-stan-3100-dollardan-bermek-353721)