---
title: "«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті"
description: "4-қарашадан бастап, Ұлттық арнада жаңа телехикаяның тұсаукесері! «Жаужүрек мың бала» фильмінен соң ж..."
author: "Akparat"
published: "2013-10-27T00:48:00+00:00"
modified: "2013-11-01T08:48:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauzh-rek-bala-ta-y-bir-filmge-t-sti-382316"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauzh-rek-bala-ta-y-bir-filmge-t-sti-382316/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті

> 4-қарашадан бастап, Ұлттық арнада жаңа телехикаяның тұсаукесері! «Жаужүрек мың бала» фильмінен соң ж...

**4-қарашадан бастап, Ұлттық арнада жаңа телехикаяның тұсаукесері!**

«Жаужүрек мың бала» фильмінен соң жұртшылыққа кеңінен танылған, талай мақалаға кейіпкер болған, талай қыздың түсіне кірген Асылхан Төлепов жақында көрерменнің талқысына тағы түспекші.

![«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/5PkEf31csF1FTZ7OwzIj5WmYiCKd7v.jpg)

Асылхан бұл жолы да басты рөлді сомдайды.

Төрт түліктің ішінде қазаққа ең қадірлісі жылқы екені анық. «Сұңқар» деп аталатын жаңа телехикая да ер қанаты - ат туралы.

Алдағы дүйсенбіден бастап көрермендерге жол тартатын сериалда атбегілікті серік еткен ауыл адамдарының өмірі суреттелген.

![«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/QZ8zZ58j0gyf6VJEWu7MDe3tc8Ft6P.jpg)

**Негізгі кейіпкер - Біржан жетім қалған құлынды асырап, баптап өсіреді.** Өзі «Сұңқар» деп атаған осы жетім тай оған бозбала шақта да, өмірдің небір бұралаң тұстарында, кедергілер кездескен, сатқындықтарға тап болған шағында да сенімді серік болады.

![«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/7J035zK6tZaWEo97gE8G9z92sHKWM8.jpg)

Қобыландының қанаты болған «Тайбурылдың», Ақан серінің сән-салтанатын арттырған «Құлагердің» тұяғы талай аламан жарыста шашасына шаң жұқпаған небір дүлдүлге шаң қаптырып, жігітке де, оның отбасына да үлкен абырой әкеледі.

![«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/rm9M1uTf5UThkJ0iei67yiiuM0Ydo2.jpg)

Хикая желісінің қысқаша сипаты осы.

Отандық кино қорына қосылған жаңа картинаның ұзын-ырғасымен алдағы аптадан бастап танысатын боласыздар.

**Телехикаяны «Қазақстан» Ұлттық арнасы 4-қарашадан бастап, дүйсенбі-бейсенбі аралығында ұсынады. Басталуы: 21:50-де.**

Көзайым болыңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhauzh-rek-bala-ta-y-bir-filmge-t-sti-382316](https://yvision.kz/kk/post/zhauzh-rek-bala-ta-y-bir-filmge-t-sti-382316)