---
title: "Жауынгерлік парадқа дайындық жалғасуда"
description: "Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылары күніне арналған Жауынгерл..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-04-18T03:04:46+00:00"
modified: "2013-04-18T03:05:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-parad-a-dayyndy-zhal-asuda-348357"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-parad-a-dayyndy-zhal-asuda-348357/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жауынгерлік парадқа дайындық жалғасуда

> Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылары күніне арналған Жауынгерл...

**

![Жауынгерлік парадқа дайындық жалғасуда](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/logotip/kaz.png)

Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушылары күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды. Келген бөлімшелердің жеке құрамы далалық лагерьдегі шатырларға орналасып Жауынгерлік парадты өткізу жоспары бойынша дайындыққа кірісіп кетті.**

Бүгін полигонда командалық-штабтық дайындық барысында парадты өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Әскерлердің жауынгерлік парадқа дайындығын практикалық тұрғыда Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде.

– Әскерилер үшін тұңғыш рет өткізілгелі тұрған Жауынгерлік парад кең көлемді жаттығуға қатысумен бірдей болып тұр. Бөлімшелер практикалық дайындықтар барысында өзара іс-қимыл сұрақтарын түбегейлі пысықтайтын болса, офицерлер парадтың кезеңдерін жоспарлауда және бөлімшелерді басқаруда әскери өнерді жоғары деңгейде пайдалана білуге ұмтылмақ,- дейді Мұрат Майкеев.

Қазіргі кезде «Отар» 40-ыншы әскери базасында қару-жарақ пен әскери техниканы және полигон нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні Жауынгерлік парад тікелей эфир арқылы таратылады. Онда көрсетілетін жауынгерлеріміздің іс-қимылын бүкіл еліміз тамашалайтын болады.

Мұндай Жауынгерлік парад Қазақстан Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Онда Құрлық әскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Әуе қорғаныс ы күштері аспан кеңістігінде өз шеберліктерін танытады. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-parad-a-dayyndy-zhal-asuda-348357](https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-parad-a-dayyndy-zhal-asuda-348357)