---
title: "Жауынгерлік достастық – 2013"
description: "Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-02T22:08:52+00:00"
modified: "2013-09-02T22:08:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dostasty-2013-372126"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dostasty-2013-372126/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жауынгерлік достастық – 2013

> Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе...

**Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің нақты жауынгерлік атыстарды қамтыған «Жауынгерлік достастық – 2013» тактикалық жаттығуларының шешуші кезеңі өтеді.**

![Жауынгерлік достастық – 2013](http://mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/030913/1.jpg)

ТМД елдері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен тактикалық жаттығуларына ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен заманауй ұшақтар мен қанатты ракеталарды жоюға мүмкіндігі бар әртүрлі модификациядағы зенитті-ракеталық кешендер тартылған.

 
 

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жауынгерлік есептоптары әуедегі нысаналарды және қанатты ракетеларға ұқсас реактивті снарядтарды зениттік-ракеталық кешендер арқылы жоюды, сондай-ақ әуедегі қарсыласты алдын-ала тауып істен шығара білуді жүзеге асырады.

 
 

Жалпы жаттығу барысында полигонда өтетін шараға тартылған басқа мемлекеттердің өкілдерімен ӘШҚҚ әскерлері бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ, өздеріне жүктелген тапсырмаларды сауатты орындау үшін жеке құрамның моралдық-психологиялық дайындығы мен жоғары жауынгерлік әзірлігі де пысықталады.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dostasty-2013-372126](https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dostasty-2013-372126)