---
title: "Жауынгерлік даярлық бойынша экспресс-тестілеу өтеді"
description: "Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-05-15T01:04:57+00:00"
modified: "2014-05-15T01:04:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dayarly-boyynsha-ekspress-testileu-tedi-413678"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dayarly-boyynsha-ekspress-testileu-tedi-413678/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жауынгерлік даярлық бойынша экспресс-тестілеу өтеді

> Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұ...

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған жарыс басталды.

15-22 мамыр аралығында өтетін жауынгерлік жарысқа 25 команда қатысады. Бұл Аэроұтқыр әскерлері және «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлері атынан сынға түстетін 600-ден астам адам.

Жыл сайын өткізіліп тұратын шара барысында оған қатысушы әскери қызметшілерге атыс қаруының әр түрінен, жаяу әскер жауынгерлік машинасының қаруынан, танк және артиллерия қару-жарағынан бақылау ату жаттығулары бойынша тапсырмаларды орындауға тура келеді. Алыс қашықтыққа ату жарысы бойынша әскери қызметшілер өздерінің ату қаруын игерудегі кәсби біліктіліктерін дәлелдеуі керек.

Жауынгерлік жарыстың экспресс-тестілеу қорытындысы бойынша оған қатысушылардың күштік және төзімділік жаттығуларын орындау бойынша дене дайындық деңгейлері бағаланатын болады.

Жарыстың нәтижесін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Ә. Халықов бастаған қазылар алқасы бағалайтын болады.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dayarly-boyynsha-ekspress-testileu-tedi-413678](https://yvision.kz/kk/post/zhauyngerlik-dayarly-boyynsha-ekspress-testileu-tedi-413678)