---
title: "Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық"
description: "Ескерту: жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін. Дүйсе..."
author: "urimtal"
published: "2008-11-03T03:59:19+00:00"
modified: "2008-11-03T03:59:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhau-azyn-myrdy-zhylat-an-zhauyzdy-3953"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhau-azyn-myrdy-zhylat-an-zhauyzdy-3953/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық

> Ескерту: жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін. Дүйсе...

**Ескерту:** **жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін.**

Дүйсенбі сайын жұмыста бас қосып, өткен аптаның жаңалықтарымен бөлісетінбіз. Бұл жолы да солай болды. Бір әріптесіміз **КТК** арнасынан «Жас қазақтағы» [Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық](http://urimtal.wordpress.com/2008/08/06/%D0%B6%D0%B0%D1%83%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D0%BD-%D2%93%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%80%D0%B4%D1%8B-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%82%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D0%B6%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B/) тақырыбына орай арнайы хабар әзірлегенін айтты. Алакөл ауданындағы мектепте болған айуандықты егжей-тегжей қайталамай-ақ қояйын. [Жауқазынды қорғайтын арнайы заңгер керектігі](http://urimtal.wordpress.com/2008/08/11/%D0%B6%D0%B0%D1%83%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B-%D2%9B%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D0%B7%D0%B0%D2%A3%D0%B3%D0%B5%D1%80-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA/), әйтпесе оны [жылы жауып тастауға қам жасалып жатқанын](http://urimtal.wordpress.com/2008/08/15/%D0%B6%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B-%D0%B6%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BF-%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83%D2%93%D0%B0-%D2%9B%D0%B0%D0%BC-%D0%B6%D0%B0/) да хабарлағанбыз. Сол [қыздың анасы](http://urimtal.wordpress.com/2008/08/25/%D0%B6%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D0%B1%D2%AF%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%B3%D0%B5-%D0%B1%D2%B1%D0%B9%D1%80%D1%8B%D2%9B-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%96/) бұл дүниеден әділеттілік таба алмай қорланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болыпты. Қазір ауруханада жатқан көрінеді. Сымбаттың өзін де экраннан көрсетті дейді білетіндер. Ал әкесінің сыртынан іс жинап жатыр екен. Астанана жасақталған арнайы комиссия істің ақ-қарасын ажыратуды емес, тезірек жауып тастауға мүдделі тәрізді.

Сымбаттың ар-абыройын таптағандар 9-сыныпты бітіріп, жан-жаққа кетіп қалды. Ешқайсысы да жазаланбаған. Сымбат болса, не әрі қарай оқуын жалғастырмады. Не колледжге де түспеді. 9-сыныпты бітірді деген аттестатын мектеп басшылығы бермей қойған. Осы аптада бұйыртса, **«Жас қазақ»** осы тақырыпқа қайыра оралмақ ниетте.

Осы оқиғаға байланысты бір топ оқырманның пікірімен [мына жерден](http://urimtal.wordpress.com/2008/08/25/%D2%AF%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D0%B6%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D2%9B%D0%B0-%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B-%D0%B1/) таныса аласыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhau-azyn-myrdy-zhylat-an-zhauyzdy-3953](https://yvision.kz/kk/post/zhau-azyn-myrdy-zhylat-an-zhauyzdy-3953)