---
title: "«Жасыл көпір – „жасыл“ технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясының АНОНСЫ"
description: "14-15 қыркүйекте Астана қаласында ең алдымен тек біздің елімізде ғана емес әлемде де жасыл экономи..."
author: "minenergo"
published: "2016-09-02T04:40:41+00:00"
modified: "2016-09-02T04:40:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-zhasyl-tehnologiyalar-a-innovaciyalar-men-olzhetimdi-energiya-a-k-pir-atty-haly-araly-k-710110"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-zhasyl-tehnologiyalar-a-innovaciyalar-men-olzhetimdi-energiya-a-k-pir-atty-haly-araly-k-710110/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жасыл көпір – „жасыл“ технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясының АНОНСЫ

> 14-15 қыркүйекте Астана қаласында ең алдымен тек біздің елімізде ғана емес әлемде де жасыл экономи...

14-15 қыркүйекте Астана қаласында ең алдымен тек біздің елімізде ғана емес әлемде де жасыл экономиканы ілгерілетуге арналған «Жасыл көпір – «жасыл» технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір» атты халықаралық конференциясы, «Жасыл бизнесті құқықтық қорғау және экономикалық ынталандыру тетіктері» атты дөңгелек үстел және «FUTURE WAVE – инновациялық мүмкіндіктердің тұғырнама алаңы» Жастар форумы өткізіледі.

Бағдарлама жасыл экономикаға көшудегі халықаралық ынтымақтастық, озық жасыл технологиялар мен тәжірибелер трансферті, жасыл бизнесті дамыту, институционалдық және техникалық инновацияларды ынталандыру мәселелеріне арналған.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, G-Global Халықаралық Секретариаты, «Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» коалициясы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті, Қазақстанның еріктілер Альянсы.

Ресми қолдау: Қазақстандағы БҰҰ ДБ, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі, «Астана ЭКСПО» ҰҚ» АҚ

Әріптестері: Азиялық Даму Банкі, Жапондық сыртқы сауда ұйымы, Корей инвестициялар мен саудаға ықпал ету агенттігі, «Жасыл Көпір серіктестік бағдарламасы» ХҰ» ЗТБ.

Жұмысқа 20-дан аса шет елдер салалық министрліктер мен ҮЕҰ басшылары қатысады. Сонымен қатар Конференция мен Форум қонақтарының ішінде – ҚР Парламент депутаттары, министрлік және ҚР даму институттары өкілдері, халықаралық сарапшылар, ҮЕҰ басшылары және елдердің бизнес-құрылымдары, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері және т.б.

Конференция бағдарламасымен егжей-тегжейлі [http://www.gbpp-expo.org](http://www.gbpp-expo.org) сайтында танысуға болады

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-zhasyl-tehnologiyalar-a-innovaciyalar-men-olzhetimdi-energiya-a-k-pir-atty-haly-araly-k-710110](https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-zhasyl-tehnologiyalar-a-innovaciyalar-men-olzhetimdi-energiya-a-k-pir-atty-haly-araly-k-710110)