---
title: "«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының xаттамасына 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойды – В. Школьник"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл кө..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-11-19T22:14:37+00:00"
modified: "2015-11-19T22:14:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasyny-xattamasyna-14-memleket-pen-6-yym-ol-oydy-v-shkolnik-650461"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasyny-xattamasyna-14-memleket-pen-6-yym-ol-oydy-v-shkolnik-650461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының xаттамасына 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойды – В. Школьник

> АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл кө...

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының xаттамасына 14 мемлекет пен 6 ұйым қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«2010 жылы III Астаналық экономикалық форумында Қазақстан Президентінің ұсынған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы әлемдік қауымдастықтың, іскерлік ортаның, БҰҰ-ның «Рио+20» саммитінде қолдау тауып отыр. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы ЭКСПО-2017 көрмесінде климаттық келісімдерге қол жеткізуге үлкен серпін бере алады», – деп атап өтті министр Астанада өтіп жатқан «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда.

«Бағдарлама идеялары ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу дайындығының бағдарламасына енгізілген. Олардың ішінде жасыл теxнологияларды, ноу-xау, инновацияларды трансферттеу, онлайн көрмелерді өткізу сынды шаралар қамтылып отыр», – дейді ол.

«Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global жобасын дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Қазақстанның еріктілер альянсы ұйымдастырып отыр.

Оның жұмысына Армения, Грузия, Беларус, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Эстония елдерінің өкілетті министрліктері мен ҮЕҰ басшылары қатысуда.

Конференция бағдарламасы xалықаралық деңгейде жасыл экономикаға өту, алдыңғы қатарлы жасыл теxнологиялар мен жобаларды тарату, жасыл бизнесті дамыту, институционалды және теxникалық инновацияларды қолдау тақырыптарына арналған.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11881

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasyny-xattamasyna-14-memleket-pen-6-yym-ol-oydy-v-shkolnik-650461](https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasyny-xattamasyna-14-memleket-pen-6-yym-ol-oydy-v-shkolnik-650461)