---
title: "«Жасыл ел» жастарының еңбегі еленді"
description: "Published 28.09.2015 24.kz Солтүстікқазақстандық студенттер жаз бойы мың түп ағаш екті. «Жасыл ел» ..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-09-27T22:16:22+00:00"
modified: "2015-09-27T22:16:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-el-zhastaryny-e-begi-elendi-553921"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-el-zhastaryny-e-begi-elendi-553921/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жасыл ел» жастарының еңбегі еленді

> Published 28.09.2015 24.kz Солтүстікқазақстандық студенттер жаз бойы мың түп ағаш екті. «Жасыл ел» ...

Published 28.09.2015

[24.kz](http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/84753-zhasyl-el-zhastaryny-e-begi-elendi) Солтүстікқазақстандық студенттер жаз бойы мың түп ағаш екті. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысшылары 11-еңбек маусымын осылай қорытындылады. Өңір жастары қоршаған ортаны көгалдандырып қана қоймай, әлеуметтік нысандардың құрылысына да қатысты. Олар Назарбаев зияткерлік мектебі мен спорт сарайын салуға да үлес қосты. Биыл облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 19 млн теңгенің 15 жобасы жүзеге асқан. Маусым соңында жасылелдіктердің еңбегі еленіп, үздік жастарға бағалы сыйлақтар табыс етілді. Асқар Баймұқанов, «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстық штабының жетекшісі: - «Жасыл ел» жастар жасақтары 900 гектар орман алқабын тазартты. Осылайша 450 өрен еңбекке тартылып, жаз бойы жалақы алды. Айта кеткен жөн, осы жылы жылдағыдан көп адам жұмыс істеді. Бұл алда да өз жалғасын таппақ.

 

http://gbpp.org/kz/2015/09/7941

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-el-zhastaryny-e-begi-elendi-553921](https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-el-zhastaryny-e-begi-elendi-553921)