---
title: "«Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» семинар-тренингі бойынша есеп"
description: "11 сәуірде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру о..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-04-13T23:36:45+00:00"
modified: "2014-04-13T23:36:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-ekonomika-salasynda-y-za-namaly-negizderdi-zhetildiru-seminar-treningi-boyynsha-esep-409539"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-ekonomika-salasynda-y-za-namaly-negizderdi-zhetildiru-seminar-treningi-boyynsha-esep-409539/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру» семинар-тренингі бойынша есеп

> 11 сәуірде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру о...

**11 сәуірде** Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының қолдауымен ҚР Парламентінің депутаттары мен халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ қызметкерлері үшін **«Жасыл» экономика саласындағы заңнамалық негіздерді жетілдіру»** тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Семинар «жасыл» экономиканың әдіснамасы саласында хабарда болуды арттыру және «жасыл» принциптерді елдің экономикалық саясатына енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі **Т.А. Ахсамбиев** ашты. Өз сөзінде ол осы шараның Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге семинардың ашылуында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы **Н.Н. Зарудная** сөз сөйледі. Атап айтқанда, ол Қазақстанның «жасыл» даму жолының басында тұрғанын және де алда біраз іс-қимыл жасау керектігін, ең бастысы, заңнамалық негіздерін құру туралы айтты.

Спикерлер ретінде «жасыл» экономика саласындағы танымал халықаралық және отандық сарапшылар: РЖҒА академигі, Париж-Дофин Университетінің профессоры (Франция), РФ Қоғамдық палатасы орнықты даму институты директорының орынбасары, профессор, э.ғ.д. **С.Н. Бобылев**; «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор **Б.К. Есекина**; Латвия Орнықты даму кеңесі мен «ВАО» директорлар кеңесінің төрағасы, Қоршаған орта, биоэнергетика мен биотехнология саласындағы құзыреттілік орталығының мүшесі **Я. Вилгертс**; табиғатты қорғау заңнамасы бойынша сарапшы **А.Н. Мирошниченко** қатысты.

Семинар қатысушылары «жасыл» экономикаға көшудің еуропалық тәжірибесімен, ҚР-да «жасыл» экономиканың жай-күйі және келешегімен, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды құқықтық реттеу, «жасыл» салықты енгізу және ҚР-да «жасыл» дамуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тетіктерімен танысты.

Семинар аясында қатысушылар Қазақстанда «жасыл» дамудың келешегі жайлы ой бөлісті. ҚР Парламентінің Сенаты депутаты **Ж.М. Нұрғалиев** пікірлерді қорытындылай отырып, өткен семинардың «жасыл» экономикаға стратегиялық бағытталуды түсіну және қоғамның барлық секторларын Тұжырымдаманы іске-асыру үрдісіне белсеңді жұмылдыруда маңыздылығы мен пайдалылығын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ және «Жасыл Академия» ҒБО сертификаттары тапсырылды.

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/3126-226/](11%20%D1%81%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D0%B4%D0%B5%20%D2%9A%D0%BE%D1%80%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD%20%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%20%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5%20%D1%81%D1%83%20%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%83%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B%20%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96%20(%D2%9A%D0%9E%D0%A1%D0%A0%D0%9C)%20%C2%AB%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB%20%D0%90%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F%C2%BB%20%D2%92%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D0%B8-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC%20%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83%20%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D0%B1%D1%96%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BF,%20%D0%95%D2%9A%D0%AB%D2%B0-%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B%20%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D2%9B%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D2%9A%D0%A0%20%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3%20%D0%B4%D0%B5%D0%BF%D1%83%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B%20%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%20%D2%B1%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80%20%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5%20%D2%AE%D0%95%D2%B0%20%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96%20%D2%AF%D1%88%D1%96%D0%BD%20%C2%AB%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB%C2%BB%20%D1%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%20%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B%20%D0%B7%D0%B0%D2%A3%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%20%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%20%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BB%D0%B4%D1%96%D1%80%D1%83%C2%BB%20%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D0%B0%20%D1%81%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%80-%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3%20%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96.)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-ekonomika-salasynda-y-za-namaly-negizderdi-zhetildiru-seminar-treningi-boyynsha-esep-409539](https://yvision.kz/kk/post/zhasyl-ekonomika-salasynda-y-za-namaly-negizderdi-zhetildiru-seminar-treningi-boyynsha-esep-409539)