---
title: "«Жастармен дөңгелек үстел»"
description: "Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас ж..."
author: "dadgsipk"
published: "2015-04-01T06:27:04+00:00"
modified: "2015-04-01T06:27:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastarmen-d-gelek-stel-487279"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastarmen-d-gelek-stel-487279/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастармен дөңгелек үстел»

> Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас ж...

![«Жастармен дөңгелек үстел»](https://storage.yvision.kz/images/user/dadgsipk/8vtQV20pEU7nHcB47YR11vx5nwHo6t.jpg)

Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Іскендіров Асхат пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бөлімінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің экономика және менеджмент кафедрасына қарасты студенттермен «Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуде жаңадан құрылған мемлекеттік орган – Агенттіктің негізгі міндеті мен бағыты туралы және сыбайлас жемқорлықсыз - еліміздің жаңа форматтағы даму векторын айқындауға негізделген құжаты болған Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы түсіндірілді. Сонымен бірге кездесуде студенттер мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаты бойына ой пікірлерімен бөлісіп қызықтырған сұрақтарын қойды. Болашақ мамандардың санасына сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы тұрушылығын сіңіру үшін Департамент тарапынан осындай кездесулер тұрақты негізде жүргізу жоспарланып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastarmen-d-gelek-stel-487279](https://yvision.kz/kk/post/zhastarmen-d-gelek-stel-487279)