---
title: "Жастардың бос уақытын қамтуға арналған сайттың презентациясы бойынша"
description: "Бүгінгі күннің маңызды мәселелердің бірі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту болып табыла..."
author: "CRMI"
published: "2016-09-09T02:58:14+00:00"
modified: "2016-09-09T02:58:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastardy-bos-ua-ytyn-amtu-a-arnal-an-saytty-prezentaciyasy-boyynsha-711071"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastardy-bos-ua-ytyn-amtu-a-arnal-an-saytty-prezentaciyasy-boyynsha-711071/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастардың бос уақытын қамтуға арналған сайттың презентациясы бойынша

> Бүгінгі күннің маңызды мәселелердің бірі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту болып табыла...

Бүгінгі күннің маңызды мәселелердің бірі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту болып табылады. Осыған орай жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар ұсынатын шаралар мен бірегей клубтық-үйірмелік жүйе бойынша мобильдік қосымша, сайт жасату жоспарланған.

Бұл Қазақстанда бұрын болмаған жаңа жоба. Сайт арқасында әрбір жас адам өзінің талғамы мен қызығушылығына, уақыты мен қаражатына қарай бос уақытын өткізетін орын таба алады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/673E3Rrw4OLIL4hzD2t7hS5w8Y65LC.jpg)

Осы арқылы бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға мүмкіндік бар:

- Бос уақытын қамту ұйымдарынын жүйесін дамыту;

- Жастардың дарындылығын дамыту;

- Аймақтың тартымдылығын жоғарлату;

- Жастарды жұмыспен қамту;

- Жасампаз істер арқылы өз ойын білдіру мен сындарлы салаға күш жұмсау арқылы қылмыс санын азайту;

- Адал бәсекелестікті қалыптастыру;

- Қоғамдық жүкетемені мемлекеттік органдардан қоғамдық ұйымдарға көшіру.

Біздің бүгінгі басты міндетіміз жастарды дұрыс жолға салып, «Қазақстан 2050» бағдарламасын орындау.

Сайттың ресми тұсаукесері а.ж. 30 қыркүйегі күні, Облыстық жастар форумы шеңберінде өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastardy-bos-ua-ytyn-amtu-a-arnal-an-saytty-prezentaciyasy-boyynsha-711071](https://yvision.kz/kk/post/zhastardy-bos-ua-ytyn-amtu-a-arnal-an-saytty-prezentaciyasy-boyynsha-711071)