---
title: "Жастар жемқорлықсыз өмірді таңдайды"
description: "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының н..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-11T06:25:41+00:00"
modified: "2016-05-11T06:25:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-syz-mirdi-ta-daydy-692805"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-syz-mirdi-ta-daydy-692805/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар жемқорлықсыз өмірді таңдайды

> Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының н...

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, заңды құрметтеу мен заң талаптарын сақтауды тарату болып табылады.

Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбилеу, сыбайлас жемқорлықты тұрақты кері бағалауды қоғамда қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Орал ақпараттық техникалық колледжінде «Жастар жемқорлықсыз өмірді таңдайды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Орал ақпараттық техникалық колледжінің оқытушылары мен жоғарғы курс оқушылары қатысты.

Департамент өкілі М.Харесова өз сөзінде қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттерге қарсы әлеуметтік құбылыс сыбайлас жемқорлық туралы түсіндіріп, бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сыбайлас жемқорлық әрекеттерді қабылдамаймын, қатыспаймын деген пассивтік тұрғыда ғана емес, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне белсенді күресу қажет екендігіне баса назар аударды.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-syz-mirdi-ta-daydy-692805](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-syz-mirdi-ta-daydy-692805)