---
title: "Жастар жемқорлыққа қарсы"
description: "2017 жылдың 3 ақпан күні Орал қаласының №24 ЖОББМ «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ҚР Мемлекет..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-02-06T08:32:06+00:00"
modified: "2017-02-06T08:32:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-a-arsy-754317"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-a-arsy-754317/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар жемқорлыққа қарсы

> 2017 жылдың 3 ақпан күні Орал қаласының №24 ЖОББМ «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ҚР Мемлекет...

2017 жылдың 3 ақпан күні Орал қаласының №24 ЖОББМ «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы қызметкерінің және мектеп басшылығының 8-9 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтті.

Ашық сабақ екі топ сайысы ретінде оздырылып, топ мүшелері жүргізушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы, әртүрлі ситуациялық тапсырмаларын орындады, сондай-ақ білім және денсаулық салаларындағы жемқорлық тақырыбына шағын қойылм көрсетті.

Сонымен қатар,оқушылар назарына жемқорлық салдарына әкеп соғатын жағдайлар жөнінде бейнеролик ұсынылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/CIuWCGb91HfPsHi2dtRT95ij8lC2Bl.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-a-arsy-754317](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zhem-orly-a-arsy-754317)