---
title: "«Жастар және жемқорлық: проблемалар мен аргументтер» пікірсайысы"
description: "А.ж. 30 қарашасында, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты марафоны аясында М.Ғ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-12-07T01:22:46+00:00"
modified: "2016-12-07T01:22:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zh-ne-zhem-orly-problemalar-men-argumentter-pikirsayysy-734832"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zh-ne-zhem-orly-problemalar-men-argumentter-pikirsayysy-734832/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар және жемқорлық: проблемалар мен аргументтер» пікірсайысы

> А.ж. 30 қарашасында, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты марафоны аясында М.Ғ...

А.ж. 30 қарашасында, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты марафоны аясында М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен, Зеренді ауданының Достық орталығында «Жастар және жемқорлық: мәселелер мен аргументтер» тақырыбындағы пікірталас жиыны болып өтті. Шараға қатысушылар қазіргі таңда қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі болып саналатын жемқорлық туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар назарына жемқорлықтың адам өміріне тигізер зияны туралы баяндайтын видеороликтер көрсетіліп, олардың тәрбиелік мәні мен мағынасы талқыланды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_63.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zh-ne-zhem-orly-problemalar-men-argumentter-pikirsayysy-734832](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-zh-ne-zhem-orly-problemalar-men-argumentter-pikirsayysy-734832)