---
title: "Жастар ұйымдары, әйелдер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, сондай-ақ білім және ғылым қызметкерлерінің, білім және ғылым салаларындағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы"
description: "29 қыркүйекте жастар ұйымдары, әйелдер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, сондай-ақ білім және ғылы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-06T00:44:41+00:00"
modified: "2017-10-06T00:44:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yymdary-yelder-o-amdy-birlestikteri-kilderini-sonday-a-bilim-zh-ne-ylym-yzmetkerlerini-bilim-780802"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yymdary-yelder-o-amdy-birlestikteri-kilderini-sonday-a-bilim-zh-ne-ylym-yzmetkerlerini-bilim-780802/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар ұйымдары, әйелдер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, сондай-ақ білім және ғылым қызметкерлерінің, білім және ғылым салаларындағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы

> 29 қыркүйекте жастар ұйымдары, әйелдер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, сондай-ақ білім және ғылы...

29 қыркүйекте жастар ұйымдары, әйелдер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, сондай-ақ білім және ғылым қызметкерлерінің, білім және ғылым салаларындағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы оздырылды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және кез-келген құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Диалог алаңына Батыс Қазақстан жоғары медициналық, Орал гуманитарлық-техникалық, Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық, Экономика және ақпараттық жүйелер, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар, Республикалық Жоғарғы техникалық колледжілерінің өкілдері мен студентері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы филиалының белсенділері және басқа да үкіметтік емес ұйым мүшелері қатынасты.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік (РФ) және Хьюстен (АҚШ) университеттерінің профессоры, ғалым Ю.А.Афонин көпшілікпен сыбайлас жемқорлықпен күресудегі халықаралық тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаэрлер таратылып, әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yymdary-yelder-o-amdy-birlestikteri-kilderini-sonday-a-bilim-zh-ne-ylym-yzmetkerlerini-bilim-780802](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yymdary-yelder-o-amdy-birlestikteri-kilderini-sonday-a-bilim-zh-ne-ylym-yzmetkerlerini-bilim-780802)