---
title: "«Жастар үйі» ашылды"
description: "2016 жылдың 11 шілдесінде Успен ауданында «Жәрдем time» жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты..."
author: "CRMI"
published: "2016-07-18T06:46:06+00:00"
modified: "2016-07-18T06:46:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yi-ashyldy-702598"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yi-ashyldy-702598/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар үйі» ашылды

> 2016 жылдың 11 шілдесінде Успен ауданында «Жәрдем time» жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты...

2016 жылдың 11 шілдесінде Успен ауданында «Жәрдем time» жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты аудан жастарымен іс-шараларды өткізу үшін «Жастар үйін» қайта құру. Аудан орталығының ғимаратын басыбайлы жабдықтандыру.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/NVDYTDy2DF4O7AlNco6m36WeDzM6z4.jpg)

Жобада Павлодар облысының еріктілері ғана емес, сонымен қатар облысымыздың Жастар бастамаларын дамыту орталықтарының қалалық, аудандық директорлары, қызметкерлері қатысты. Бұл жоба орталықтар арасында алғашқы рет өткізілді.Бүгін Успен ауданының жастарына «Жастар үйінің» жөндеу жұмыстары аяқталып, аудан жастарына салтанатты түрде алтын кілт табысталды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/IONWv371sZl4dbZ6fnSPRMjIxQn6O5.jpg)

Успен ауданы әкімінің орынбасары Сергей Иванович Саламацкий «Жәрдем time» жобасының сарбаздарына және Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұжымына ризашылықтарын жеткізді. Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Садықова Айгүл Абылайханқызы және Успен ауданы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Жүсіпбаев Азамат Бейбітұлы салтанатты түрде ашық деп жариялады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/nmz20qVg6L70lGlP2Yx57c6X6JNX72.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yi-ashyldy-702598](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-yi-ashyldy-702598)