---
title: "Жастар толқынында"
description: "Аққу ауылында «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар толқынында» тақ..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-17T02:38:22+00:00"
modified: "2016-08-17T02:46:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-tol-ynynda-707455"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-tol-ynynda-707455/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар толқынында

> Аққу ауылында «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар толқынында» тақ...

Аққу ауылында «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар толқынында» тақырыбымен Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен. Сонымен қатар, бұл күнді атап өту - жастар мүддесін қорғауға арналған Бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды хабардар етуге бағытталған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/BUZx4OI699L4a32np04842WxrCLvK0.jpg)

Бұл бағдарламаны 1995 жылы БҰҰ қабылдаған болатын. Ал 2007 жылы кеңейтілді. Іс-шарада ауылдың белсенді патриот жастарына Аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпаттар табысталды. Соңы мерекелік концертке ұласқан бұл жиында әсем әндер айтылып, билер биленді, қызықты ойындар өткізіліп көрермендердің көңілін бір көтерді. Іс-шараның соңында Жастар күніне арналған керемет от шашу ұйымдастырылды. Аталмыш мереке жастарға арналған би кешімен өз мәресіне жетті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/GXpd0UTKpou6sM7hSLQPtzT2Tf3rR6.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-tol-ynynda-707455](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-tol-ynynda-707455)