---
title: "«Жастар Рухының» волонтерлері Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда"
description: "Апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру, сондай-ақ жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, ..."
author: "karasay.nurotan.kz"
published: "2022-12-01T06:25:14+00:00"
modified: "2022-12-01T06:25:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ruhyny-volonterleri-ekibast-z-alasyny-t-r-yndaryna-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-979862"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ruhyny-volonterleri-ekibast-z-alasyny-t-r-yndaryna-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-979862/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар Рухының» волонтерлері Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда

> Апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру, сондай-ақ жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, ...

Апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру, сондай-ақ жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер және мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинау үшін үй-үйді аралау жұмысы жүргізіліп жатыр.

🔵«Жастар Рухы» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Санира Жүсіпованың айтуынша, партияның волонтерлері мен белсенділері төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап гуманитарлық көмекті таратуға атсалысып жатыр.

🗣«Бүгінде 1700-ден астам электр жылытқышты таратып үлгердік. Сондай-ақ, жылы көрпе де үлестіріп жатырмыз. Бұған қоса, осы жағдайға бей-жай қарай алмаған партиялықтар тәулік бойы жұмыс істеп жатқан апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру үшін облыстың түкпір-түкпірінен азық-түлік жөнелтіп жатыр. Бұл жұмыс жылу жүйесін қалпына келтіргенге дейін жалғасады», – деп атап өтті Санира Жүсіпова.

💬Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істейді.

t.me/AMANATPartiyasy

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ruhyny-volonterleri-ekibast-z-alasyny-t-r-yndaryna-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-979862](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ruhyny-volonterleri-ekibast-z-alasyny-t-r-yndaryna-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-979862)