---
title: "«Жастар — Отанға» жоба аясындағы жастардың ардагерге көмегі"
description: "Бүгін қаңтардың 14 жұлдызында Қостанай облыстық «Жас отан» жастар қанаты «Жастар – Отанға!» партиялы..."
author: "gaukhartas_92"
published: "2015-01-14T03:06:27+00:00"
modified: "2015-01-14T03:06:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-zhoba-ayasynda-y-zhastardy-ardagerge-k-megi-460380"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-zhoba-ayasynda-y-zhastardy-ardagerge-k-megi-460380/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар — Отанға» жоба аясындағы жастардың ардагерге көмегі

> Бүгін қаңтардың 14 жұлдызында Қостанай облыстық «Жас отан» жастар қанаты «Жастар – Отанға!» партиялы...

Бүгін қаңтардың 14 жұлдызында Қостанай облыстық «Жас отан» жастар қанаты «Жастар – Отанға!» партиялық жоба аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Мельников Федор Павловичтың үйіне барып, көмек көрсетті. «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері ауланы қардан тазартты. Осы іс – шараға медицина қызметкерлері де қатысты. Олар ардагердің денсаулығының жағдайын тексеріп, өз кеңестерін берді. Олардың айтуы бойынша Федор Павловичтың жағдайы жақсы, жеңісіміздің әлі талай жылын атап өтуге дайын. Мельников Федор Павлович 1924 жылы дүниеге келген, 1942 жылы он сегіз жасқа толысымен ол майданға аттанған. Отан алдындағы борышын ол бірінші Украиналық майданда атқарған. 1947 жылы ол Қорған облысынан Қазақстанға көшіп келіпті. Көшіп келген сәтте ол Қостанай облысы Мендіқара ауданы Қаратал ауылында тұрған. Зейнетке шыққан соң ол бала – шағасымен қалаға келген. Қазір жұбайымен және үлкен қызымен тұрады. Өз сөзінің соңында Федор Павлович көзіне жас алып, өскелең ұрпаққа ешқашан соғыс болмасын, осындай бейбітшілікте тұра беріңдер деп тілек білдірді

![«Жастар — Отанға» жоба аясындағы жастардың ардагерге көмегі](https://storage.yvision.kz/images/user/gaukhartas_92/zKidkjt3C4YEKC84rjjPb3VkUCwLNF.jpg)

![«Жастар — Отанға» жоба аясындағы жастардың ардагерге көмегі](https://storage.yvision.kz/images/user/gaukhartas_92/Bb2YPiM152bWhhbWl4WOL1kKJ49oQK.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-zhoba-ayasynda-y-zhastardy-ardagerge-k-megi-460380](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-zhoba-ayasynda-y-zhastardy-ardagerge-k-megi-460380)