---
title: "«Жастар - Отанға» керуені"
description: "Ауданымызда «Жастар - Отанға» керуені жолға шықты. Бұл керуен - ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың..."
author: "burinsk.nurotan.kz"
published: "2022-10-18T10:43:53+00:00"
modified: "2022-10-19T06:47:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-kerueni-976516"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-kerueni-976516/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар - Отанға» керуені

> Ауданымызда «Жастар - Отанға» керуені жолға шықты. Бұл керуен - ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Ауданымызда «Жастар - Отанға» керуені жолға шықты. Бұл керуен - ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылған жоба. Оның аясында өңір жастарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына және жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақыру мақсатында ақпараттық семинар-тренингтер өткізіледі. Кеше Жарсуат ауылдық округінде болып, Жарсуат, Приурал, Успен ауылдары жастарымен кездескен керуеншілер бүгін Бөрлі ауданында болып, Бөрлі, Қанай, Бумакөл ауылындағы жалынды жастармен кездесті. Құрамында белсенді, түрлі саланың мамандары бар керуен өңірдегі барлық ауыл-аймақты аралап, халық игілігіне арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Әсіресе ауыл жастарына нақты көмек берілді. Жастар көші елімізде қолға алынған жобаларды бірлесе іске асыруға шақырды. Ауыл жастарына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышова мен орталыққа қарасты «Психологиялық кабинеттің» психологі Ботагөз Байқадамова, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы Айгүл Будирова, СӨСК дәрігері Айнель Ажиевалар кеңесі берді. Жиын соңында аудандығы жастар саясатына өз үлесін қосып, белсенділік танытып жүрген жастар, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышованың алғыс хатымен марапатталды. Бөрлі колледжінде өткен жиынға барлығы 89 жас қатысты. Жиын соңында колледж әкімшілігі жастарға берілген тың ақпараттар үшін алғысын білдірді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/443605/804a2a9aef6b01d83cb62d4e03515c.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/443605/4e2a4cc1d85cc81f02600895f09570.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/443605/51de3540c3c6c3681b451fadb5080e.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/443605/db09653f4a62fa5f07460c57aadd97.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-kerueni-976516](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-otan-a-kerueni-976516)