---
title: "Жастар орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті"
description: "Бүгін, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелрі жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орт..."
author: "CRMI"
published: "2017-10-20T06:04:09+00:00"
modified: "2017-10-20T06:04:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-782386"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-782386/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті

> Бүгін, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелрі жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орт...

Бүгін, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелрі жөніндегі басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/B3Ok5f23cBp6077UYLmz73VVVB30ta.jpg) Жәрмеңкенің басты мақсаты – 14 пен 29 жас аралығында оқу орындарын тәмамдаған студенттерді, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту болды.

Осы жолы жәрмеңкеге 59 мекемемеден 281 бос орын белгіленсе 243 жұмыс іздеуші қатысты. Жәрмеңкенің соңында 228 жұмыс іздеушіні ары қарай жұмысқа тұру мақсатында құжаттары қабылданды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Mlg59WKM0zH3o96MgDuo41Qf6D6LiD.jpg) Бұл қуантарлық көрсеткіш. Қабілеті бар жастар осындай жәрмеңкенің арқасында өз орнын табады деп ойлаймыз. Жастар орталығы қашанда өңіріміздің жастарына бар жағдайды жасауға тырысады. Бүгінгі жәрмеңкеден қалып қойдыңыз ба? Келесісінен қапы қалмаңыз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-782386](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-782386)