---
title: "Жастар орталығында Бос орындар жәрмеңкесі өтті"
description: "2017 жылдың 13 маусым күні сағат 11:00-де Жастар Орталығында жұмыссыздарға арналған Бос орындар жә..."
author: "CRMI"
published: "2017-06-13T04:08:04+00:00"
modified: "2017-06-13T04:19:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-769795"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-769795/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар орталығында Бос орындар жәрмеңкесі өтті

> 2017 жылдың 13 маусым күні сағат 11:00-де Жастар Орталығында жұмыссыздарға арналған Бос орындар жә...

2017 жылдың 13 маусым күні сағат 11:00-де Жастар Орталығында жұмыссыздарға арналған Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған қаламыздағы 14 пен 29 жас аралығындағы жұмыс іздеуші қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/iVpMKrkhPSsZNoSrBAIw91ERqJ2NRV.jpg)

Жұмыс іздеушілерге бірнеше жұмыс берушілер толымды жалақы ұсына білді. Мысалы «Подорожник» фастуфут тағам өнімдерін сататын дүңгіршек жұмыскерлеріне күндік табыстың 8 % ұсынамыз деп отыр. Одан бөлек 50.000 теңгеден жоғары жалақыны 14-29 жас аралығындағы жастар «Жасыл ел» жасағына қосылу арқылы таба алады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/A3riKCjUuvPn3Pf4G0t1MrI6f36Sdl.jpg)

Ал «Билайн» компаниясы өздеріне сауда өкілдері мен операторлаарды іздейді. Сонымен бірге, 14-15 маусым күні Жастар Орталығында мемлекеттік қызметтер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-769795](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-ortaly-ynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-769795)