---
title: "Жастар корпусын дамыту жобасы гранттық конкурсының қорытындылары шығарылды"
description: "2017 жылғы 27 маусым Астана қаласы..."
author: "CRMI"
published: "2017-06-28T03:19:05+00:00"
modified: "2017-06-28T03:19:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-korpusyn-damytu-zhobasy-grantty-konkursyny-orytyndylary-shy-aryldy-771584"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-korpusyn-damytu-zhobasy-grantty-konkursyny-orytyndylary-shy-aryldy-771584/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар корпусын дамыту жобасы гранттық конкурсының қорытындылары шығарылды

> 2017 жылғы 27 маусым Астана қаласы...

2017 жылғы 27 маусым Астана қаласы

**2017 жылғы 18 сәуірден - 24 мамыр** аралығында Жастар корпусын дамыту жобасы шеңберінде гранттық конкурс өткізілді. Конкурсқа Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында тұратын 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Өтінім беру үшін zhasproject.kz сайтында жастар өзінің әлеуметтік идеясын сипаттауы тиіс болды.

Барлығы **1499 өтінім** түсті, өтінім берген қатысушылардың саны **5058 адамды** құрады.

Келіп түскен өтінімдердің барлығы үш кезеңдік іріктеуден өтті:

Техникалық іріктеу кезеңінде өтінімдер конкурстың негізгі өлшемдеріне сәйкестігі бойынша қаралды: қатысушылардың жасы **18-ден 29 жасқа дейінгі** аралықта болуы тиіс, қатысушылар жоба іске асырылатын аймақтардың бірінде тұруы тиіс. Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша **1320 өтінімге** одан әрі қатысу мүмкіндігі берілді.

Екінші кезеңде қоғамдық ұйымдардың, бизнес, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған 39 сарапшыдан тұратын бағалау комиссиясы идеяларды әлеуметтік маңыздылығы (комиссия мүшелеріне топтың қатысушылары туралы ақпарат берілген жоқ, олар әр өтінімді оның мақсаты және сипаттамасы бойынша бағалады) және тұрғындардың осал топтарын тарту тұрғысынан бағалады. Бұл үшін сарапшылар үш адамнан тұратын топтарға бөлінді, әр топ жастардың 100-ге жуық жобасын бағалады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша **1113 өтінім** шектік ұпайды жинады және іріктеудің соңғы кезеңіне жіберілді.

Үшінші шешуші кезең кездейсоқ бөлу рәсімімен жүргізілді. Үш кезеңнің әрқайсысында жобаның одан әрі қатысудан шығып қалу ықтималдығы болды. 261 өтінім үшінші кезеңнен өте алмады.

Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша **852 жоба** өтті: А тобында – 294 жоба (1002 адам) – бұл топ грант және өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бағдарламасы бойынша оқыту, сондай-ақ менторлардың қолдауын алады; В тобында – 295 жоба (998 адам) – бұл топ қатысушылары өз жобаларын іске асыру үшін грант алады; С тобында - 263 жоба (890 адам) - бұл топ қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқаруға оқытудан өтеді және менторлардың қолдауын алады.

Павлодар облысынан барлығы 485 жоба түсті, оның ішінен А тобына 96 жоба (345 адам), В тобына 89 жоба (305 адам), С тобына 91 жоба (307 адам) ілікті.

*«Іріктеу кезеңі аяқталды, осы пилоттық жылда біз жұмыс істейтін жобалар анықталды. Алдымызда үлкен жұмыс тұр – қазірден бастап жастар топтары өз жобаларын іске асырудың жоспарларын әзірлеп, бюджетін жасауда, таяу уақытта оқыту семинарлары басталады. Біз жобалар туралы ақпаратты әлеуметтік желілердегі* *zhasproject ресми парақтарында* *және сайтта жариялап отырамыз»,- деп, Үйлестіру агенттігінің басшысы* **Вера Ким** жаңалықтарымен бөлісті.

Сонымен қоса, Жоба шеңберінде менторларды іріктеу бойынша конкурс өткізілді, олар қатысушыларға жеке және кәсіби мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін болады. 499 өтінім ішінен 240 ментор іріктелді, оның 78-і Павлодар облысынан. Облыстан менторларды іріктеу бойынша конкурсқа барлығы 163 өтінім түсті.

 

*Өтінеміз, неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыздар:*

[press@zhasproject.kz](mailto:press@zhasproject.kz) *немесе 8 7172 500 77 телефоны бойынша*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-korpusyn-damytu-zhobasy-grantty-konkursyny-orytyndylary-shy-aryldy-771584](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-korpusyn-damytu-zhobasy-grantty-konkursyny-orytyndylary-shy-aryldy-771584)