---
title: "«Жастар дауысы» жұмысын жалғастыруда"
description: "2017 жылдың 23 қаңтары күні Жастарға қызмет көрсету орталығында кезекті «Жастар дауысы» жас көшбасшы..."
author: "CRMI"
published: "2017-01-24T02:14:13+00:00"
modified: "2017-01-24T02:14:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-dauysy-zh-mysyn-zhal-astyruda-751472"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-dauysy-zh-mysyn-zhal-astyruda-751472/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар дауысы» жұмысын жалғастыруда

> 2017 жылдың 23 қаңтары күні Жастарға қызмет көрсету орталығында кезекті «Жастар дауысы» жас көшбасшы...

2017 жылдың 23 қаңтары күні Жастарға қызмет көрсету орталығында кезекті «Жастар дауысы» жас көшбасшылар мектебінің отырысы өтті.

![«Жастар дауысы» жұмысын жалғастыруда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/IcV28cLZW5yJhEvDV491EKH4rU6aUm.jpg)

Отырыс мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Г.А.Қабиеваның қатысуымен өтті. Басшы өз сөзінде мемелкеттік қызметке орналасу талаптары, оның негізгі жаңашылдықтары мен артықшылықтары туралы айтып берді.

![«Жастар дауысы» жұмысын жалғастыруда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7z5tR1W4Z7R8F5AmD6kDD140fQkPG7.jpg)

Шараның екінші бөлімі көшбасшылық қабілеттерін ашуға көмек беретін, топпен жұмыс істеуге үйрететін тренингтермен жалғасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-dauysy-zh-mysyn-zhal-astyruda-751472](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-dauysy-zh-mysyn-zhal-astyruda-751472)