---
title: "ZHASTAR-BKO.kz «Жыл үздігі-2012» БҚО жастар премиясының иегерлері: http://www.zhastar-bko.kz/index.php/bko-jastar/uzdik-2012/82-uzdik-2012/926-news.html ..."
description: "студент жастардың басын бір арнаға тоғыстырған беделді ұйымдардың бірі. Студенттердің мүддесін қорға..."
author: "izimgaliev_arman"
published: "2012-12-18T09:15:13+00:00"
modified: "2012-12-18T09:15:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bko-kz-zhyl-zdigi-2012-b-o-zhastar-premiyasyny-iegerleri-http-www-zhastar-bko-kz-index-php-b-309312"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bko-kz-zhyl-zdigi-2012-b-o-zhastar-premiyasyny-iegerleri-http-www-zhastar-bko-kz-index-php-b-309312/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ZHASTAR-BKO.kz «Жыл үздігі-2012» БҚО жастар премиясының иегерлері: http://www.zhastar-bko.kz/index.php/bko-jastar/uzdik-2012/82-uzdik-2012/926-news.html ...

> студент жастардың басын бір арнаға тоғыстырған беделді ұйымдардың бірі. Студенттердің мүддесін қорға...

студент жастардың басын бір арнаға тоғыстырған беделді ұйымдардың бірі. Студенттердің мүддесін қорғауды басты мақсат тұтқан ұйым елбасымыздың саясатын жүзеге асыруға өз септігін тигізіп, облысымыздағы маңызды шаралардың ұйымдастырушысына айнала білді. Жастар ұйымдары арасында әрқашанда озық жүретін «Орал»студенттер Альянсы» өзгелерін айтпағанда биылғы жылдың өзінде 2 жазғы лагерь ұйымдастырып үлгерді, оның бірі облыстық «Достық» лагері болса екіншісі парламент депутаты М.Бегентаевтің қатысуымен өткен «Болашақ жастардың қолында» атты республикалық студенттік лагер. Ұйым мүшелері облысымызды республикалық, халықаралық деңгейде танытып жүрсе, ұйым көшбасшысы Салтанат Асқарқызы республикалық Қазақстан студенттер Альянсының «Үздік көшбасшы» номинация иегері. Тек қана студент жастардан құралған ұйымнан келешек ел тізгінін ұстар ел азаматтары шығады деп сенеміз. Жанары жалынды, жігері мол студент жастардың ұйымына алдағы уақытта тек жеміс тілейміз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bko-kz-zhyl-zdigi-2012-b-o-zhastar-premiyasyny-iegerleri-http-www-zhastar-bko-kz-index-php-b-309312](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bko-kz-zhyl-zdigi-2012-b-o-zhastar-premiyasyny-iegerleri-http-www-zhastar-bko-kz-index-php-b-309312)