---
title: "Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды"
description: "22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да т..."
author: "CRMI"
published: "2017-03-22T01:50:42+00:00"
modified: "2017-03-22T02:20:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-ynda-nauryz-meyramy-toylandy-760792"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-ynda-nauryz-meyramy-toylandy-760792/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды

> 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да т...

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

![Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/3HGw40K3ZUVlavuiTarGiYqDbCyrcC.jpg)

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығы ғимаратында «Қазаққа көктем келгенде» атауымен Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамы тойланып, бар сән-салтанатымен өтті. Оған негізгі себепкер болған «Аналар Үйі» Қоғамдық қоры, Жастар үйі, Кенжекөл ауылының отбасы типті балалар ауылы өкілдері мен колледж студенттері.

![Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/46tI1zaEutL01aeSwIjQq1f0iS77Cf.jpg)

Алаша кілемдер төселген залға 12 дастархан жайылып, ұлттық тағамдармен толтырылды. Әсем ән мен күмбірлеген күймен басталған мерекелік іс-шара спорттық ойындармен жалғасын тапты.

![Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/55TxzvE1qYRhyBRW46lUcrafT7GxYz.jpg)

Келген қонақтар қонақ кәде ретінде қазақтың ұлттық билері «Қамажай» мен «Қаражорға» билерін биледі. Іс-шараның соңында қазақтың әдемі дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесер» рәсімі жасалынды.

![Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Наурыз мейрамы» тойланды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/g8jUzIPgVr11O2O5gREq5MFpIMtc5j.jpg)

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Алтынбек Мақсатхан

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-ynda-nauryz-meyramy-toylandy-760792](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-ynda-nauryz-meyramy-toylandy-760792)