---
title: "«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!"
description: "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ат..."
author: "janadil"
published: "2013-08-25T09:40:47+00:00"
modified: "2013-08-26T00:24:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-auyl-a-zhastar-a-zha-a-m-mkindikter-ash-an-zhoba-370655"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-auyl-a-zhastar-a-zha-a-m-mkindikter-ash-an-zhoba-370655/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!

> Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ат...

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елімізде әрбір ізденген адам табуына болатын жұмыс бар. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек!» деген болатын.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/25Sy6LO5TJw86wOSsLtTv1C7XZMFfM.jpg)

"Жас Отан" Жастар қанатының жұмысын жетілдіру бүгінгі күні өте қажет. Бұл ұйымда сіздер өмір сүруге, сөйлесе білуге, бір-біріңмен араласуға үйренесіздер. Іс жүзінде өздеріңізді түрлі жағдайлардағы өмірге дайындайсыздар. Сондықтан жастар ұйымдарындағы белсенді жұмыс сіздердің өмірлеріңізде пайдаға асады.

Міне, Ұлт Көшбасшысының Жолдауда көрсеткен көреген тапсырмасын іске асыруға барынша күш салған «жасотандықтар ағымдағы жылдың II-ші жарты жылдығында елімізде жастар үшін жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, ауыл жастарына заңнамалық негізде кеңес беру, ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасауды күшейту мақсатында «Жастар-Ауылға!» жобасын бастап кеткен болатын.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/WIYZcQdw7NTq6q0c70i7zh7efjYe10.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/961J7aB5lFbsJTW2yLcx20l2el9o1g.jpg)

Осы орайда жасампаздыққа жаны құмар жамбылдық «жасотандықтар» лезде жобаның жастар үшін маңыздылығын ескере отырып, жастар кеңес алуға мұқтаж болып жүрген түрлі саладан 30-ға жуық мекеменің басын біріктіре арнайы база құрып, жоба аясында жастарға кеңес беретін мекеме қызметкерлерімен ауқымды семинар-тренинг өткізді.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/xcbdNg603dc7fezwWbHn24f36W7Gg9.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/0jY59v6SrYP7kCe8TayyvQ499siXtr.jpg)

Аталған семинар-тренингте «жасотандықтар» мекеме қызметкерлеріне арнайы жасалынған кеңес беру кестесін таныстырды. Сонымен қатар, бүгінде жастарды толғандырып жүрген мәселелер туралы ой бөлісіп, Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында алғаш ашылатын «Кеңес беру орталығының» жұмысымен таныстырды.

Жоғарыдағы тиісті мекеме қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған шарадан кейін «жасотандықтар» Жамбыл облысының 10 ауданынан арнайы келген «Жас Отан» ЖҚ-ның Атқарушы хатшылары мен мекеме басшыларына ауылдық жерде жүргізілетін мобильдік кеңес беру топтарының жұмысы туралы семинар-кеңес өткізді.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/8u3vdrCAvBxuHQCClg8COZQF77DYmX.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/AF9kA0Eut848wQhhb8cKCubQMmc4r7.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/5YLYcONntowhfCalxUdC929GU9t4SV.jpg)

Жастарға жаңа мүмкіндік туғызған аталмыш жоба аясындағы «Кеңес беру орталығы» Жамбыл облысының Орталығы Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарында 13 тамыз күні салтанаты түрде ашылды.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/067xVjMk1WlMBgXDpTrbUytwrZbIB0.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/58V0dOvi82P2p2VW49GqKsaOXsxUiP.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/rDpxhZ5kf9cgb145X2jVwNCy9x7f13.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/Ul1QntW84mXt2P3wFw924k1jJC9e2B.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/5vvpzywHRGT5oWDX6G2iizGiay2O2i.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/72K9H48Ye1O4L14wu7BAw2vzmzE7Ok.jpg)

«Кеңес беру орталығы» ашыла сала мәлімет алуға ұмтылған жастарға облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Ж.Оспанов және Тараз қалалық жұмыпен қамту орталығының маманы Гаухар Қарқабат «Дипломмен ауылға!», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалар бойынша кеңінен мәлімет берді.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/l8VoSVFUYHo7n10hdELsh6lKQ2QNCq.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/e8xkFw9yLuw4oh94frnrUNg3fFnPE6.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/A6BJphiw3nk18EEt33IexQQSk32X56.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/8pm7oUjLo2U6EbqrcDDyUId8iXGjEQ.jpg)

Мұнан соң облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Ж.Оспанов пен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Үйсімбаев базардағы жұмыс жасап жүрген жастармен бетпе-бет кездесіп, жобаның мақсат-міндетті туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/Vp738f5sXyARsCySblTuvSCuZb1Oo5.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/XtOlV440JR6q01p5dcS1X8a38163TZ.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/I40g2qBhxg8o73d40CN972v8KsHH55.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/t2y2dnmWDhmBEyl0eBqEqh5nE75KZ6.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/Cd2PF0536kAYeVYCo6WyQnQIWtELaS.jpg)

«Кеңес беру орталығының» ашылуын асыға күткен «Жас Отан» Жастар қанаты аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары мобильді топтардың жұмысын лезде бастап кетті.

Сарысу ауданындағы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары және кеңес ұсынушы тұлғалардың жастарға кеңес беру сәті.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/RD9e8FoCUJVDW23g2Wef7p0L0kxMfU.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/CYugPjZyj8Pzl6q6GMtJ2cU5jm6Agd.jpg)

Қордай ауданында "Дипломмен ауылға", "Сыбаға" бағдарламалары бойынша тиісті сала мамандары мен "жасотандықтарының" жастарға кеңес беру сәті.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/f3k5vUNjj3bGmKm96AbxtvC5nJOQdu.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/WQ17s86GeZDKf18qR70q2QKP06e5bF.jpg)

Жамбыл ауданында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша тиісті сала мамандары және аудандық "Жас Отан" Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Т.Көпбергеновтің жастарға кеңес беру сәті.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/OtS3149GXbEE9a5LZaCo9FB9HeLzfj.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/u3IJBkR2Wi2C3Hpqg37u5BMysiq34y.jpg)

Меркі ауданында "Бизнестің жол картасы-2020", "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламалары бойынша тиісті сала мамандарының жастарға кеңес беру сәті.

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/CMztysYiuRq0MHgAlOpz1n8PkEX1YP.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/mnXwBtK7N8IQLw6x30Yl7v2arI9s1H.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/k1D88x8dI145z7A8RFC68tbqv526I6.jpg)

![«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!](https://storage.yvision.kz/images/user/janadil/q8wBoVWG8V9yp06e6mZe8HDOFWyPtn.jpg)

Жаңа жоба аясында игі бастамалар тағы да өз жалғасын қыркүйек айының 13-ші жұлдызынан бастап облыстың барлық елді мекендерінде өз жалғасын табады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-auyl-a-zhastar-a-zha-a-m-mkindikter-ash-an-zhoba-370655](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-auyl-a-zhastar-a-zha-a-m-mkindikter-ash-an-zhoba-370655)