---
title: "Жастар Қарттарға қуаныш сыйлады"
description: "«Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ түсті» дейді Қазақ даналығы. Иә, қартайып бір қайғырасың, тағдырдың..."
author: "CRMI"
published: "2017-04-17T06:15:00+00:00"
modified: "2017-04-17T06:15:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arttar-a-uanysh-syylady-763821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arttar-a-uanysh-syylady-763821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар Қарттарға қуаныш сыйлады

> «Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ түсті» дейді Қазақ даналығы. Иә, қартайып бір қайғырасың, тағдырдың...

«Сақалға ақ түсті – Көңілге дақ түсті» дейді Қазақ даналығы. Иә, қартайып бір қайғырасың, тағдырдың тауқыметін сезініп бір мұңайасың. Кім қартайған шағында, бала шағасынынң қызығын көріп, немересін иіскеп отырғысы келмейді дейсіздер! Бірақ «Қарттар Үйіндегі» қариялар үшін бұл бұлдыр сағым іспетті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/c8QDTehd6Nzf9627y6B09sHizsk406.jpg)

Бүгін Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамларын дамыту орталығы» КММ-сі және Павлодар обылсытық Пробация қызметінің ұйымдастыруымен қалалық «Қарттар үйінде» мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты қарттардың көңіліне аз да болса қуаныш сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Шара басында сөз алған Павлодар қалалық Пробация қызметінің басшысының м.а. Болат Шалқарбайұлы қарттарды келе жатқан көктем мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/JjRN68Y2WL19JeWLwgv84GkWgRdFa4.jpg)

Оразбек Бақытханның «Аналарға ақ тілек» атты әнімен ашылған кештің көркі, Красно-Армейка агро-техникалық колледжінің студенті Болат Ризаттың «Қара Жорға» биімен айшықтала түсті.Одан өзге кеш барысында қазақтың халық әндері, жыр-термелері де нақышына келтіріле орындалды. Концерт соңында Пробация қызметінің аға инспекторы Диляра Китаева «Армандастар» әнімен қарттардың ықыласына бөленді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/CVU94nxHcZUwd371tcDH9s27HR94n1.jpg)

Өз кезегінде, «Қарттар үйінің» қызметкерлері жас өнерпаздарға уақыт бөліп келгеніне алғыс білдірді. «Болашақта жиі-жиі кеп бізді де, қарияларды да қуанта беретіндеріңізге сенеміз деп ағынан жарылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/uOyn53fmXFy90D3PSJx9y3863GEKcu.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arttar-a-uanysh-syylady-763821](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arttar-a-uanysh-syylady-763821)