---
title: "Жастар арасындағы ең өзекті сұрақтар қандай?"
description: "Қазақ жастарын осы қандай мәселелер толғандырады? Жастарға не қызық, не ұнайды? Көкейкесті мәселелер..."
author: "Rukh_pen_til"
published: "2012-12-07T12:38:33+00:00"
modified: "2012-12-07T12:38:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-e-zekti-s-ra-tar-anday-307299"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-e-zekti-s-ra-tar-anday-307299/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар арасындағы ең өзекті сұрақтар қандай?

> Қазақ жастарын осы қандай мәселелер толғандырады? Жастарға не қызық, не ұнайды? Көкейкесті мәселелер...

Қазақ жастарын осы қандай мәселелер толғандырады? Жастарға не қызық, не ұнайды? Көкейкесті мәселелері бар ма? Оны білу үшін интернеттегі кез келген сұрақ-жауап сайттарына кірсе болғаны. Интернет иірімінде жастардың көпшілігі сұрақ қойып, жауап алатын сайттардың бірі – Surak-Zhauap.kz сайты. Сайтқа кіріп, ондағы ең “өзекті”, ең “қызықты”, әрі ең “айрықша” сұрақтарды таңдап алдық. Бұл сұрақтардың ерекшілігі – оның қарабайырлығында, сұрақ иесінің сана-сезімі мен білім деңгейінде. Сонымен, жастар арасындағы көкейкесті сауалдар топтамасы.

Сұрақтар топтамасын президенттен бастайық. Қайткенменде, Тұңғыш президент күні ғой. Осыған байланысты жағымпаздану жолдарын іздеп жүрген бір азамат «Елбасыға жайлытілек керек» деген сауал жолдапты. Сұрақ қасына тілектің қандай болуы тиіс екенін келтірген. «Елбасы жайлы тілек жаз деген сол жайлы тілек бар ма андайсын мындайсын деген». Әлбетте, тілек жайлы болуы тиіс, басқаша мүмкін емес.

«Достар маған иттің үрген дауысының mp3 нұсқасын тауып бере аласыздарма? Өте қажет болып тұр еді?!». Біртүрлі сұрақ болғанымен, жаны ізгі адамдар сұрақ иесіне көмектесіп, иттің үрген даусын тауып беріпті.

«Үйде досыммен бос отырғанда қандай ойын ойнасақ болады?». Бұл сұраққаНұрсұлтан2002 деген тіркелуші өз тәжірибесімен байланыстырып, мынадай “ұтымды” жауап жазыпты: «улица пушкина,дом колотушкина,квартира под номера деп айтады бір-бірінің қолдарын ұрып.Сосын бір сан айтады.Сол санға жеткен кезде қолын ұрса ойыннан шықпайды.Ұра алмаса шығады.Тілім жетпеятр». Меніңше, әрбір бала осындай ойындар ойнаса, жасөспірімдер арасында қылмыс болмас еді.

«Спорт туралы қандай жақсы сөздер бар?». Ең қызығы, бұл сұраққа ешкім жауап бермеген. Онда жақсы сөздердің болмағаны ма, қалай сонда, а..?

«Ғаламтор туралы қазақша портал барма?». Сонда ол қандай портал болуы керек? Білгішім, сен ешқандай порталсыз-ақ, ғаламторда отырған жоқсың ба?

«2 рубежканың жауабы керек еді қайдан алсам боладыалдын ала рахмет». Өкінішке орай, бұл тіркелушіге ешкімге рахмет айту бұйырмапты. Дегенмен де, “қыс азығын, жаз ойла” деген мақалды ұстанатын білімгерге, “Жарайсың!” деп айтпасқа болмас.

«Мұхтар Әуезовтің өлеңдері керек еді қайдан тапсам болады?». Бұл «М.Әуезовтың поэзиясы» бойынша диплом немесе диссертация жазып жатқан адамның сауалы болар. Бірақ, әттең, бұл сұрақтың жауабын мәңгі бақи тааба алмай кетесіз. Бірақ та, азамат өзіңінің ізденген екен: «интернет арқылы оқысам деп едім.. Бірақ таба алмай отқаным(». Өкінішті. Егер Әуезовтың өлеңдерін тапсаңыздар, жазып жібереіздер ме? Алдын ала рахмет!

«Пирожкиді қалай пісіреді? Рецепті және дайындау әдісі болса екен». …

«Қызымды тастасам ба екен?». Бұл сұрақты қойған адам елімізде демократиялық принциптерді қалыптастырушылардың бірі. Өйткені әрбір мәселені халық пікірімен санасып, оның арман-тілегін ескеріп, шешім қабылдауда. Жарайсың! Біздің де билік сен сияқты болса ғой!

«Красовканың бауын калай байласам болады». Өте қиын сұрақ. Шынымен де. Бізге айтуға оңай болғанымен, ғылыми жолмен дәлелденіп, тиімді жолы анықталған жоқ ой әлі де. Сондықтан сұрақ иесінің сауалы өте орынды.

«Неге Қазақстан мектептерінің бәрінде көк сиямен жаздырады екен !». Міне, қандай креатив, жаңаша көзқарас, гламур! Міне, елімізде реформа жасап, өзгертуге осындай жастарымыз керек! Алға, жаңашыл жастар!

«Нұрсұлтан Назарбаев ағылшынша біле ме???». Бұл біз үшін үлкен сын, кешірілмес күнә. Сұрақ иесі, ұялсаңыз нетті? Президентіміздің айрықша қасиеттерін білмеу – масқаралық! Бұл сұрағыңызды президентіміз көріп қоймасын! Тез барып «Хабар» мен «Қазақстанды» қосыңыз. Ұят емес пе, білмеу? Әй, жастар, жастар!

Дайындаған Алмас АРЫН

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-e-zekti-s-ra-tar-anday-307299](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-e-zekti-s-ra-tar-anday-307299)