---
title: "Жастар арасындағы ӘЧ жартылай финалына 5 боксшы шықты"
description: "Санкт-Петербургте жастар арасындағы әлем чемпионатында алдын ала айқастың алты күнінің қорытындыс..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-10T05:08:31+00:00"
modified: "2015-09-10T05:08:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-ch-zhartylay-finalyna-5-boksshy-shy-ty-538303"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-ch-zhartylay-finalyna-5-boksshy-shy-ty-538303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар арасындағы ӘЧ жартылай финалына 5 боксшы шықты

> Санкт-Петербургте жастар арасындағы әлем чемпионатында алдын ала айқастың алты күнінің қорытындыс...

[!\[Жастар арасындағы ӘЧ жартылай финалына 5 боксшы шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20141202150139-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20141202150139.jpg)

Санкт-Петербургте жастар арасындағы әлем чемпионатында алдын ала айқастың алты күнінің қорытындысы бойынша 13 қазақстандықтың ішінен жартылай финалға 5 боксшы шықты.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. Ширек финалда жарыс мынадай нәтижені көрсетті: Айбек Досанов (46 келі) — Титисана Панмод (Тайланд) 2:1; Хуршедшох Искандаров (80 келі) — Кренар Алью (Финляндия) 3:0; Даулет Нысан (50 келі) — Эрисланди Альварес (Куба) 2:1; Айбол Жамбырбай (63 келі) — Саяд Лалаев (Әзербайжан) 3:0; Саматали Толтаев (52 келі) — Муроджон Алиев (Өзбекстан) 3:0; Ардақ Алимхан (81 келі) — Даниэль Мальсам (Германия) 0:3; Дәулет Заушев (70 келі) — Силард Ласло (Венгрия) 1:2; Алдияр Тұрсынәлі (66 келі) — Эдгар Цамбов (Ресей) 0:3. Осылайша, біздің бес боксшымыз медальға таласатын болды. AIBA қағидасы бойынша чемпионатқа 13 салмақ санатында 17 жасқа дейінгі жастар қатысады. Олар 3 раундтық айқас өткізеді, әр раунд екі минутқа созылады. Онлайн-көрсетілім мен айқас нәтижелерін әлемнің жастар чемпионатына арналған [stpetersburgboxing.org](http://stpetersburgboxing.org/). сайтынан көруге болады. Бірінші жартылай финалдық сессия бүгін Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де, екіншісі — 21 сағатта ашылады.

Басты сөздер: [Спорт](http://inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-ch-zhartylay-finalyna-5-boksshy-shy-ty-538303](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-arasynda-y-ch-zhartylay-finalyna-5-boksshy-shy-ty-538303)