---
title: "«Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет»"
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және бұл індетке қарсы қоғамда бе..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-12-07T22:37:44+00:00"
modified: "2015-12-07T22:37:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-alauy-sybaylas-zhem-orly-syz-memleket-666239"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-alauy-sybaylas-zhem-orly-syz-memleket-666239/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет»

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және бұл індетке қарсы қоғамда бе...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және бұл індетке қарсы қоғамда белсенділікті арттыру бағытында «***Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет»*** тақырыбында семинар өткізілді.

2015 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжімен бірлесе ұйымдастырылған «***Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет»*** атты кең көлемді Патриоттар акциясы өтті.

Аталмыш іс-шараның негізі **мақсаты** – жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «***Жастар қалауы – сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет»*** атты кең көлемді Патриоттар акциясы арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара барысында 1 курс студенттерімен әңгімелесу жүргізіліп, Департаменттің құрылымымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта, мемлекеттік қызмет өткеру бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен сондай-ақ, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта видеороликтер көрсетілді.

Іс-шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық азаматтардың құқықтық сауаттылығының төмендігінен болатындығын жеткізіп қорытындыланды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-alauy-sybaylas-zhem-orly-syz-memleket-666239](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-alauy-sybaylas-zhem-orly-syz-memleket-666239)