---
title: "Жастар Адал жол үшін"
description: "«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Жарқайың ауданында бірқатар іс-шаралар ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-05-30T07:16:26+00:00"
modified: "2017-05-30T07:16:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-adal-zhol-shin-768433"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-adal-zhol-shin-768433/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жастар Адал жол үшін

> «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Жарқайың ауданында бірқатар іс-шаралар ...

«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Жарқайың ауданында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, а.ж. 23 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары А.К.Әлжанов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ж.Т. Мыңбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Сондай-ақ, «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Жастар Адал Жол үшін» атты жастар флеш-моб акциясы өтіп, орталық көшелерде жемқорлыққа қарсы буклеттерді таратылды. Акцияда Державинск қ. үш мектебінің оқушылары қатысты. Барлығы 2000 буклеттер мен күнтізбелер таратылды.

Сонымен қатар, «Адалжол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында А.Үкібаев атындаға ОМ негізінде тоғыз құмалақ және атыстан спорттық жарыстар өткізілді. Жарысқа аудандық 20 ұйымның өкңлдері, 120 астам адам қатысты.

Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары А.К.Әлжанов, Державинск қаласының әкімі С.Г. Макрдумян, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ж.Т. Мыңбаев сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы күрес маңыздылығын атап, қатысуышыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар спорттық және қызықты ойын көрсетті. Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өткізілген іс-шарлардың басты лейтмотиві жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» принципін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, тұрғындар сенімін арттыру болды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/_sam0432.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-adal-zhol-shin-768433](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-adal-zhol-shin-768433)