---
title: "«Жастарға – Кеңес» жобасы"
description: "ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіігінің БҚО бойынша депа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-06-26T06:00:49+00:00"
modified: "2017-06-26T06:00:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-a-ke-es-zhobasy-771364"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhastar-a-ke-es-zhobasy-771364/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жастарға – Кеңес» жобасы

> ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіігінің БҚО бойынша депа...

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіігінің БҚО бойынша департаменті **2017 жылдың 24 маусымда** «Московский» базары алаңында Департамент облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп жастардың талап-тілек, жекелей мәселелерін тыңдау, жеке сұрақтарына жауап беру мақсатында «Жастарға – Кеңес» жобасы ұйымдастырылды.

Аталған жоба аясында әлеуметтік жобалар, тұрғын-үй, жұмыспен қамту, бизнес бастауға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері, діни және білім беру т.с.с. бойынша тегін және қолжетімді кеңестер берілді.

Сонымен қатар, жоба барысында азаматтарды қабылдау жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhastar-a-ke-es-zhobasy-771364](https://yvision.kz/kk/post/zhastar-a-ke-es-zhobasy-771364)