---
title: "Қазақстанда жастар денсаулығын қорғау: ерте жүктіліктің алдын алу жоспары"
description: "Ұлттық комиссия жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу бойынша жаңа стратегияларды әзірлеуде. Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды қадамдары."
author: "aqparatqogam"
published: "2025-06-20T17:55:05+00:00"
modified: "2025-06-20T17:55:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasospirimder-arasyndagy-erte-zhuktiliktin-aldyn-alu-sharalary-1015144"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhasospirimder-arasyndagy-erte-zhuktiliktin-aldyn-alu-sharalary-1015144/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда жастар денсаулығын қорғау: ерте жүктіліктің алдын алу жоспары

> Ұлттық комиссия жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу бойынша жаңа стратегияларды әзірлеуде. Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды қадамдары.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейі жоғары өңірлерде жыл бойы Ұлттық комиссия мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қауымдастығы мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен көшпелі семинарлар өткізу жоспарлануда.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға жастар денсаулығы орталықтарының жұмысын қайта қарап, жасөспірімдерге арналған қызметті жаңарту, халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау ұсынылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар өңірлік деңгейде ведомствоаралық өзара байланысты күшейтудің маңызын атап өтті. Отбасыны қолдау орталық жұмысының тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ұлттық комиссия мүшелері мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі жұмыс бағытын арттыру мақсатында журналистерге арналған ұсынымдар әзірлейді.

Сонымен қатар Ұлттық комиссия мүшелері «Аналар саулығы» бағдарламасын зерделеп, оны іске асу жолдарын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhasospirimder-arasyndagy-erte-zhuktiliktin-aldyn-alu-sharalary-1015144](https://yvision.kz/kk/post/zhasospirimder-arasyndagy-erte-zhuktiliktin-aldyn-alu-sharalary-1015144)