---
title: "ZhasCamp’14 есігін айқара ашады!"
description: "ZhasCamp жастар [бей] конференциясы 25-26 қазанда Алматыда Сүлейман Демирел ат. университетте өтеді...."
author: "AdilNazar"
published: "2014-09-09T03:24:41+00:00"
modified: "2014-09-09T03:24:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhascamp-14-esigin-ay-ara-ashady-428729"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhascamp-14-esigin-ay-ara-ashady-428729/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ZhasCamp’14 есігін айқара ашады!

> ZhasCamp жастар [бей] конференциясы 25-26 қазанда Алматыда Сүлейман Демирел ат. университетте өтеді....

*ZhasCamp жастар [бей] конференциясы 25-26 қазанда Алматыда Сүлейман Демирел ат. университетте өтеді.*

**МҰНДА ТАЛҚЫЛАНАТЫНДАР** **-**

**қоғамдық бастамалар мен көшбасшылық,** **бизнес,** **new** **media** **және өнер**

**Бағдарламада**

- Жастар және әлеуметтік саясаты саласындағы трендтер.

- Жастар мәселелерін шешудегі үздік шетелдік тәжірибелер.

- Өңірлік көшбасшылардың жобалары мен идеяларының тұсаукесерлері.

- Әлеуметтік-жауапкершілік бизнес пен табысты стартап мысалдары.

- Жаңа media-технологияларға шолу және заманауи өнердің түбіне үңілу.

- Байқаулар, кештер және жаңа танысулар.

 

**Пішімі**

[Бей] конференция 2 күнге, 25-26 қазан, сенбі және жексенбі, сағат 10-нан 17-ге дейін, созылады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/BkdP2zhA7Y20TrtUvhC9mtiLYKoMPK.jpg)

Биыл Camp қаласырты пішімінде – Сүлейман Демирел ат. университет кампусында, Алматы маңы, Қаскелең қаласында - өтеді. Қатысушылар мен қонақтар үшін өткізілу орнына дейін (таңертең) және кері бағытта (кешкілік) тегін автобустар ұйымдастырылады.

 

**Қалай қатысуға болады****?**

Тіркелу [www.zhascamp.kz](http://www.zhascamp.kz/) сайтында ашық! Қатысу жасы 14 пен 29 аралығындағы жастар үшін тегін және мүмкін.

Жоба аясында **Қазақстанның барлық өңірінен 59 қатысушыға арналған жол жүру гранттары** әрекет етеді. Олар үшін пойыздағы жолақының 50%-ы төленсе, ал тұру төлемі толығымен өтеледі. Грант иегерлері Қазақстанның Жастар ақпарат қызметімен конкурс негізінде анықталады.

 

**Егер сіз жол жүру және тұру төлеміне мұқтаж болсаңыз,** сайтында Тіркелу (ZhasCamp’14-ке алға бас) тарауындағы Жол жүру гранты нысанын толтыруыңызды өтінеміз.

**Шара ұйымдастырушысы:** [Қазақстанның жастар ақпарат қызметі.](http://misk.org.kz/)

**Өткізілу орны****:** [Сүлейман Демирел ат. университет](http://www.sdu.edu.kz/)

**Барлық туындаған сұрақтар бойынша, келесі мекенжайлар бойынша хабарласыңыздар немесе қоңырау шалыңыздар****:**

[zhascamp@gmail.com](mailto:zhascamp@gmail.com), [Vkontakte](http://vk.com/zhascamp), [Facebook](https://www.facebook.com/pages/ZhasCamp/147022151996941), [@ZhasCamp_KZ](https://twitter.com/ZhasCamp_KZ)

* *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhascamp-14-esigin-ay-ara-ashady-428729](https://yvision.kz/kk/post/zhascamp-14-esigin-ay-ara-ashady-428729)