---
title: "Жасөспірімдер кітапханасы"
description: "«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан « Өлеңдер; Бата үлгілері; Мақал-мәтелдер; Ертегілер; А..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-02-18T09:24:04+00:00"
modified: "2022-02-18T19:55:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-kitaphanasy-961612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-kitaphanasy-961612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жасөспірімдер кітапханасы

> «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан « Өлеңдер; Бата үлгілері; Мақал-мәтелдер; Ертегілер; А...

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан « Өлеңдер; Бата үлгілері; Мақал-мәтелдер; Ертегілер; Аңыз-әңгімелер» кітаптың авторы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, қазақ тарихындағыұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы. Атамыздың жеке өмірбаяны әр қилы сырларға толы.

Мәшһүр-Жүсіп атамыз 5 жастан медреседе оқиды. Сол кезден бастап баланың алғырлығы, зеректігі байқалады. Дін білімін алумен бірге ол қазақ ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерімен танысады. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр-Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз жүзінен де жинаумен айналысады.

Қара жердің өлгені -

Қар астында қалғаны.

Асқар таудың өлгені -

Басын мұнар шалғаны.

Аққан судың өлгені -

Мұз боп тоңып қатқаны.

Ай мен күнің өлгені -

Түнеріп барып батқаны.

Өлмегенде, не өлмейді,

Ғалымның жазған хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді!

- деген екен шешен сөзге бар кісілер. Бұл сөздің иесі кім екенің осы кітаптан оқып білуге болады. Сонымен бірге Жүсіп Көпеевтің аты Мәшһүр-Жүсіп деп неліктен аталып кеткенің себебі де жазылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-kitaphanasy-961612](https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-kitaphanasy-961612)