---
title: "Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды"
description: "Канвондода (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында..."
author: "orazali"
published: "2024-01-20T07:19:25+00:00"
modified: "2024-01-20T07:21:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-arasynda-y-ys-y-olimpiadada-aza-stan-al-ash-y-altynyn-zhe-ip-aldy-1000090"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-arasynda-y-ys-y-olimpiadada-aza-stan-al-ash-y-altynyn-zhe-ip-aldy-1000090/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды

> Канвондода (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында...

Канвондода (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі Илья Мизерных жеңімпаз атанды.

![Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/fa7ab999b60d4b50d28bef83b75352.jpg)

Ол бірінші секіргенінде үшінші орында болды. Мизерных екінші әрекеті арқылы алтынды қанжығалап отыр.

Күміс австриялық Никки Хамлаға, қола польшалық Лукас Лукащукқа бұйырды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындар тарихында алған алғашқы алтыны.

olympic.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-arasynda-y-ys-y-olimpiadada-aza-stan-al-ash-y-altynyn-zhe-ip-aldy-1000090](https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirimder-arasynda-y-ys-y-olimpiadada-aza-stan-al-ash-y-altynyn-zhe-ip-aldy-1000090)