---
title: "«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік»"
description: "Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. Петропавл қ. ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-17T14:16:39+00:00"
modified: "2019-02-17T14:16:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-za-auipsizdik-826487"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-za-auipsizdik-826487/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік»

> Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. Петропавл қ. ...

![«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік»](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/c798b1a4aeda868a02eef976005352.jpg)

Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері жеке сектордағы тексеру жұмыстарын күшейтті. Басты назарда – көп балалы отбасылар мен балалары полицияда есепте тұрған ата-аналар. Тәртіп сақшылары тұрмыс жағдайын тексеріп, құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі алдын алу сипатындағы әңгімелесулер өткізеді.

Полицейлердің міндеті – жасөспірімдер тарапынан болатын, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу. Тек жылдың басынан өңір полицейлері кәмелетке толмаған 14 жасөспірімді есепке қойды. Республикалық акция апта бойы жүргізіледі. Ювеналдық полиция қызметкерлерінен бөлек, бұл іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар да қосылды.

Петропавл қ. ПБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушеваның айтуынша, акция шеңберінде ақпанның 11-і мен 15-і аралығында аз қамтылған отбасыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Жағдайлары нашар отбасы ретінде есепте тұрған отбасылар тексеріледі. Қылмыстық, қылмыстық-процесстік, әкімшілік кодекстер, сонымен бірге, өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндіріледі. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектептерде брифингтер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, олардың барысында кәмелетке толмағандарға дәрістер оқылады, профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, қоғамдық орындарда заң бұзушылықтарға жаза көздейтін заңнама түсіндіріледі.

Жылдың басынан Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерімен 20-ға тарта рейдтік іс-шаралар өткізілді. Кәмелетке толмаған балалары түнгі уақытта үй-жайдан тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 187 заңды өкілге әкімшілік түрдегі шаралар қолданылды. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқан – 7 және алкогольдік өнімдерді сатқан – 15 дүкеннің иелері жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, балаларына тиісті түрде тәрбие бермеген 79 ата-ана жазаланса, аз қамтылған 26 отбасы есепке қойылды. Бүгінде полицияда есепте отбасыларындағы тәртіпке немқұрайлы қарайтын 218 ата-ана есепте тұр. Олармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

![«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік»](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/9a393bac04d2a726fb82644cdf3371.jpg)

![«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік»](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/3db8268864915405c6154dd20682ac.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-za-auipsizdik-826487](https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-za-auipsizdik-826487)