---
title: "Жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу"
description: "«Еуразиялық келісім қоры» ҚҚ Алматы қаласы ішкі істер саясаты басқармасының тапсырысы бойынша Алмат..."
author: "birzhanmurat"
published: "2016-12-03T05:50:07+00:00"
modified: "2016-12-03T05:50:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-yzdar-a-k-rsetiletin-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-733143"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-yzdar-a-k-rsetiletin-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-733143/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу

> «Еуразиялық келісім қоры» ҚҚ Алматы қаласы ішкі істер саясаты басқармасының тапсырысы бойынша Алмат...

![Жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/birzhanmurat/kNg2tsgoyjx1pb3Nz11C8cyeD8RAd3.jpg)

«Еуразиялық келісім қоры» ҚҚ Алматы қаласы ішкі істер саясаты басқармасының тапсырысы бойынша Алматы қаласы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен Алмалы ауданы əкімдігімен бірлесе отырып 2016 жылдың 30-қарашасында Алматы қаласының №8 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушыларына жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтардың алдын алу туралы ақпараттық семинар өткізді.

![Жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/birzhanmurat/mrfbNBicixd95Y62Zv6uy833f65NOV.jpg)

*Əрбір жасөспірім қыз – болашақ ана, білікті маман, сонымен қатар, олар Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлесін қосатын көшбасшылар мен үздік саясаткерлер. Сондықтан зорлық-зомбылық əрекетін болдырмау үшін əрбір қыз баланы қорғау шараларын қолға алу керек. Статистика бойынша əлемдегі əйелдер үлесінің 35%-ы осындай зорлықтың құрбаны болады. Мемлекет, отбасы, қоғамдық институттар күш біріктіріп, қауіпсіз əрі еркін жағдайда қыздардың адами әлеуетінің өсуіне, жан-жақты білім алып, технологияларды игеруіне ықпал ете отырып, жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алады.*

![Жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/birzhanmurat/9O6u5596SYeJr2Nff5uGy1oSoPUAfm.jpg)

Жоғары сынып оқушыларына арналған семинарларды жүргізуде Алматы қаласы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық көшбасшылар, Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының, Y-PEER халықаралық еріктілер желісінің, «БҰҰ-әйелдер» халықаралық ұйымының, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының белсенділері қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-yzdar-a-k-rsetiletin-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-733143](https://yvision.kz/kk/post/zhas-spirim-yzdar-a-k-rsetiletin-zorly-zombyly-ty-aldyn-alu-733143)