---
title: "«Жас Сарбаз» қозғалысының жетекшісі жастармен кездесті"
description: "Щучинск қаласында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының республикалық штабының төраға..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-09-27T16:34:32+00:00"
modified: "2018-09-27T16:34:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-sarbaz-oz-alysyny-zhetekshisi-zhastarmen-kezdesti-815459"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-sarbaz-oz-alysyny-zhetekshisi-zhastarmen-kezdesti-815459/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жас Сарбаз» қозғалысының жетекшісі жастармен кездесті

> Щучинск қаласында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының республикалық штабының төраға...

Щучинск қаласында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының республикалық штабының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов «Жастар Отанға» жастар саяси лагеріне қатысушылармен кездесті. Кездесу Елбасымыздың «Рухани жаңғыру - патриотизм негізі» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру және жастар арасындағы жас қазақстандық имиджді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде, генерал-майор Мұхамеджан Таласов жастар саяси лагеріне қатысушыларды «Жас Сарбаз» қатарына қосылуға шақырды, бұл әскери сала - өз елінің шынайы патриоттарын дайындауға арналған тамаша мектеп.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-sarbaz-oz-alysyny-zhetekshisi-zhastarmen-kezdesti-815459](https://yvision.kz/kk/post/zhas-sarbaz-oz-alysyny-zhetekshisi-zhastarmen-kezdesti-815459)