---
title: "Жас ұрпақ ата-бабаларымыздың армандарын жүзеге асыруы керек – Елбасы"
description: "Конгресте Мемлекет басшысының атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әб..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-05-26T08:10:19+00:00"
modified: "2018-05-26T08:10:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-rpa-ata-babalarymyzdy-armandaryn-zh-zege-asyruy-kerek-elbasy-805583"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-rpa-ata-babalarymyzdy-armandaryn-zh-zege-asyruy-kerek-elbasy-805583/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жас ұрпақ ата-бабаларымыздың армандарын жүзеге асыруы керек – Елбасы

> Конгресте Мемлекет басшысының атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әб...

Конгресте Мемлекет басшысының атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөз сөйледі.

«Жас Отан» - бұл белсенді жастар қозғалысы, ол барлық стратегиялық бастамаларды қолдайды және менің саясатымның негізі болып табылатын партия. Тәуелсіздіктің ең бірінші күндерінен бастап, біз болашақ, өскелең ұрпақтың болашағы туралы ойладық. Бізбен қабылданған барлық іс-әрекеттеріміз жастардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Біздің бастамаларымыз одан әрі қолдау табатынына және жүзеге асырылатынына сенімдімін», - деді Президент.

Ол Қазақстан төртінші индустриалды революция әлеміне аяқ басқанын атап өтті.

«Біздің жоғары мақсаттарымызға жету үшін біз әлемдегі жаңа жетістіктерді бейімдеуіміз керек. Осы мақсатта біз Қазақстанда рухани, саяси, экономикалық жаңаруды бастадық. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласында ХХІ ғасырда рухани жаңару қажеттілігі айтылған. Олардың ішінде - латын әліпбиіне көшу, Сандық Қазақстан бағдарламасы және үш тілде білім беру аса маңызды. Бұл біздің мемлекетіміздің жаңа деңгейлері. Төртінші индустриалды революция жағдайында, қазіргі Жолдауда, ол мақсаттарға жетудің жаңа жолдары қажет екенін атап өттім. Мен «Бес әлеуметтік бастаманы» ұсындым және олардың орындалуына назар аудардым», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мұның бәрінде жастар үшін сапалы білім беру қажет, мен бұған ерекше көңіл бөлдім, өйткені жастар біздің еліміздің болашағы ғана емес, жастар менің бастамаларымды жүзеге асыратын адамдар. Сендерді спортты дамытуға, шет тілдерін үйренуге, орыс және әлем әдебиетінің терең мұраларын оқуға және ең бастысы, өз салаларыңда ең озық болуға шақырамын. Бүгін сендер ата-бабаларымыздың арманы болған тәуелсіздік дәуірінде өмір сүрудесіңдер. Біздің ата-бабаларымыздың армандарын жүзеге асыру сендерге аманат», - деді Мемлекет басшысы жастарға.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-rpa-ata-babalarymyzdy-armandaryn-zh-zege-asyruy-kerek-elbasy-805583](https://yvision.kz/kk/post/zhas-rpa-ata-babalarymyzdy-armandaryn-zh-zege-asyruy-kerek-elbasy-805583)