---
title: "Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу"
description: "А.ж. 13 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-01-14T00:49:17+00:00"
modified: "2017-01-14T00:49:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-memlekettik-yzmetshilermen-kezdesu-748032"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-memlekettik-yzmetshilermen-kezdesu-748032/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу

> А.ж. 13 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және...

А.ж. 13 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан қызметшілермен практикалық сабақ өтті. Кездесу сұхбат форматында өтті.

Кездесудің модераторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалинов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау, оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері жайлы баяндады. Мемлекеттік қызмет реформасының басым бағыттары туралы сөз қозғалып, меритократия принциптері мен мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне баса назар аударылды. Аталған сабақ ашық сұхбат алаңын құруға мүмкіндік беріп, барлық қатысушылар қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Іс-шараға 29 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/3_50.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-memlekettik-yzmetshilermen-kezdesu-748032](https://yvision.kz/kk/post/zhas-memlekettik-yzmetshilermen-kezdesu-748032)