---
title: "Жас мамандардың сайысы"
description: "Қазан айының 26-cы күні Лебяжі ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында жас мемлекеттік..."
author: "Anticorr"
published: "2015-10-30T06:27:34+00:00"
modified: "2015-10-30T06:27:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-mamandardy-sayysy-628727"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-mamandardy-sayysy-628727/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жас мамандардың сайысы

> Қазан айының 26-cы күні Лебяжі ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында жас мемлекеттік...

Қазан айының 26-cы күні Лебяжі ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында жас мемлекеттік қызметкерлер, мамандар және мұғалімдер арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты сайыс өткізілді. Сайысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің консультанты А.Абданбеков, Лебяжі ауданының прокуроры Р.Есенов және Лебяжі ауданды әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Әлтаева төрелік етті. 5 кезеңнен құралған сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың шешу жолдары туралы баяндап, шешендік өнерлерін көрсетсе, 2-ші және 3-ші кезеңдерде сайысқа арнайы дайындаған жемқорлыққа қарсы тиісінше плакат және буклеттерді қорғады. Төртінші кезеңде сайыскерлер арнайы ситуатциялық тапсырмаларды орындап, шешуші бесінші кезеңде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы бойынша арнайы дайындалған тест сұрақтарына жауап беріп, білімдерін көрсетті. Сайыс қортындысы: 1 орын – Гүлсұлу Абылгазинова (Қызылағаш ауылдық округі, физика пәнінің мұғалімі), 2 орын - Сымбат Аманжол (Лебяжі аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мемлекеттік қызметші), 3 орын – Айжан Есимова (Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сынып мұғалімі). Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, сайыс барысында өз жерлестерін қолдаған жас мемлекеттік қызметшілер, мамандар, ұстаздар мен оқушылардың қошеметіне иеленді. Сонымен бірге сайыс көрермендерінің қатарында аудандық маслихат хатшысы Қ.Әлтаев, «Нұр Отан» партиясы Лебяжі аудан филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Мүсінова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Мұхаметалин, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы З.Оспанова, қаржы бөлімінің басшысы Н.Абаева, ветеренария бөлімінің басшысы Н.Жолмагамбетов, жер қатынастар бөлімінің басшысы Қ.Бейсенов болды. Сайыскерлердің барлығына алығыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Аталмыш шараны ұйымдастыруда Лебяжі ауданы ішкі саясат бөлмінің «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұжымын және оның директоры Жанар Садвакасованың еңбегін атап өтуге болады.

![Жас мамандардың сайысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr/1vy4DwP29Mz4Jw41ntNz6iJ53jdJ6e.jpg)

![Жас мамандардың сайысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr/B3V9793q1egycAE1oj4VduCmbWA7Cx.jpg)

![Жас мамандардың сайысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr/8rnhqy7Hup4W5kRHiCjviWlMtLkDfy.jpg)

![Жас мамандардың сайысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr/32gSe7fyV94rUvn0YujN1aA1DVVw0t.jpg)

![Жас мамандардың сайысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr/yc6QrZKdOc9AYHHGFmXJqmYu0h6h8M.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-mamandardy-sayysy-628727](https://yvision.kz/kk/post/zhas-mamandardy-sayysy-628727)