---
title: "Жас маманға тәлімгерден қолдау бар"
description: "Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен «Солтү..."
author: "finpolsko"
published: "2016-05-04T22:11:03+00:00"
modified: "2016-05-04T22:11:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-maman-a-t-limgerden-oldau-bar-691978"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-maman-a-t-limgerden-oldau-bar-691978/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жас маманға тәлімгерден қолдау бар

> Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен «Солтү...

![Жас маманға тәлімгерден қолдау бар](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/953GtvIcx6ijq7tymhOVZ5c8u6fOwe.jpg)

Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен «Солтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ ұжымында семинар өткізілді. Кездесуде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын реттейтін заңнамада орын алған өзгерістер, әңгіме арқауына айналды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко мекеме қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтарымен таныстырып, тәлімгерлік институтының жүзеге асырылу тетіктеріне кеңінен тоқталып өтті. Бұдан былай, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған маман жұмыс орнына «судай сіңуі» үшін, оған сол мекеменің тәжірибелі қызметкері тәлімгер ретінде тағайындалатын болады.

![Жас маманға тәлімгерден қолдау бар](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/e3ZT0DbCOQL5X4IyKC94ge1Dt9B9yJ.jpg)

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтану ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар туралы сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері кездесу барысында тыңғылықты баяндады.

Семинар кезінде келіп түскен сауалдардың барлығына Департамент өкілдері тиісті түсіндірмелерін берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-maman-a-t-limgerden-oldau-bar-691978](https://yvision.kz/kk/post/zhas-maman-a-t-limgerden-oldau-bar-691978)