---
title: "Жас келінді көруге асығуда жар-жар..."
description: "Қыз -қонақ, қыз – жат жұртық деп жатады халық арасында. Шынымен, қыз тәрбиелеп отырған кез-келген ат..."
author: "karimova__"
published: "2015-12-04T09:21:08+00:00"
modified: "2015-12-08T07:52:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-kelindi-k-ruge-asy-uda-zhar-zhar-665433"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhas-kelindi-k-ruge-asy-uda-zhar-zhar-665433/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жас келінді көруге асығуда жар-жар...

> Қыз -қонақ, қыз – жат жұртық деп жатады халық арасында. Шынымен, қыз тәрбиелеп отырған кез-келген ат...

*Қыз -қонақ, қыз – жат жұртық деп жатады халық арасында. Шынымен, қыз тәрбиелеп отырған кез-келген ата-анаға үлкен жауапкершілік артылған.* *Өз теңін тауып, ертең ибалы келін, содан соң абзал ана атану - атанбауы да осы отбасында берілген тәрбиеге байланысты. Ертеңгі барған жерінде қызға қарап -ақ оның ата-анасын ,тіпті бар әулиетінің қандай екенің бағалайды.*

*Бүгіңгі мен қозғайын деп отырған тақырып қыздың қай жасқа келгенде тұрмыс құрғаны дұрыс екеніне арналады. Ертеде, “он үште – отау иесі” деген пікірді ұстанған халық едік. Қазір ойлап қарасақ, он үш жастағы қыз немесе ер бала қандай? Ия, ойын баласы. Мүмкін бұрыңғы он үш жас , қазіргі кездегі он сегіз жаспен тең шығар? Жақсы, он сегіз жасар қыз делік. Егер 11 жылдық білім алса, ол қыздың мектеп бітіргеніне тек қана бір жыл болмақ. Мектеп бітіпген соң бірден тұрмыс құрған болса, қазіргі жаңа заман қазақтары арасында орта білім ғана алған қызды тұрмысқа беру ұят деп саналады. Ал егер ол қыз үйдің жалғызы, немесе үлкені болса , диплом алып бермей құдаларға тапсыру тіпті ұят деп санайды. Өйткені “жұрт не дид?”, “туысқандардан ұят болды” деген пікір қанымызға әбден сіңген. Ал егер ол мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскен болса, ол қыз тек қана бірінші курс студенті болмақ. Енді ойлап қарайық, ол қыз оқуын оқу керек пе , әлде күйеуінің жағдайын жасап, үйдің жұмысын атқару керек пе? Жастар өз арасында мүмкін бірнәрсе етіп келісіп, бір шешімін табар, ал егер олармен бірге атасы мен енесі тұрса, жағдай қиын.*

*Егер қыз бала қалаған мамандығына түсіп, оқуын аяқтаса, диплом алған кезде оның жасы шамамен 21-22- де болмақ. Төрт жыл бойы оқыған еңбегінің зая кетпесі үшін ол қыз міндетті түрде жұмысқа орналасады. Жүмыста тәжірбие жинап, жаңа ортаға сіңісу үшін кемінде 1-2 жыл уақыт керек. Ақылы бар аруларымыз бұл уақытта ЖОО-нан кейіңгі магистратураға да түсіп, оқып алуға үлгіреді. Сөйтіп қыздың жасы 24-25 –ке келеді. Бұл жастағы арулар қоғамда өзіндік ойлары қалыптасқан, өз-өздеріне сенімді, өз орындарын тапқан болады. Бұл жастағылар – дайын асқа тік қасық болғысы келмейтіндер. Өз жағдайларын жасап, тәуелсіз болу олардың басты мақсаты. Ондай қыздар оны-пұны жігіттерге қарамайды. Теңін іздейді, тандайды. Бір жағынан бұл уақытта ала қояр жігітің болса жақсы әрине,болмаса осы қалпыңда қалғаның қалған. Жігіттердің басым бөлігі 19-22жастағы бойжеткендерді қолына қондыратыны мәлім . Ал 25-26 жасар қыздардың басым көпшілігі осы өмірін ары қарай жалғастырып жалғыз қала береді. Сонда айтыңыздаршы қыз бала қанша жаста тұрмысқа шығуы керек?!*

*P.S* *Менің ойымша, тұрмыс құру деген қатып қалған қағида емес және тұрмысқа неше жаста шығу керек екені жайлы нақты пікір айтып, жазылмаған заң шығару дұрыс емес. Арнайы мамандардың денсаулыққа немесе тсс қатысты пікірлері болмаса, қыз өзі дайын болған уақытта ғана тұрмыс құрғаны дұрыс деп санаймын. 25-30 жаста отау құрып, басына түскен істі ақылмен шеше алмай ажырасып жатқандар жоқ емес. Керісінше, жас кезінде келін атанып, тәп –тәуір , отбасының ұйытқысы болып отырған қыздарымыз да бар. Жағдайды дұрыстап, содан кейін ғана үйленеміз деген жастарды да түсінбеймін. Менімше, бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. Ортақ мақсат құрып, бірігіп соған жетіп, қосағыңмен қоса , еңбектеніп тапқан нанға не жетсін?!* *Не десек те, ниет түзу болса болғаны...*

 

**Жупар КАРИМОВА**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhas-kelindi-k-ruge-asy-uda-zhar-zhar-665433](https://yvision.kz/kk/post/zhas-kelindi-k-ruge-asy-uda-zhar-zhar-665433)